Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Пәкістан: Үндістаннан ұшырылған зымырандар нысанаға алынды
Reuters агенттігіне сілтеме жасаған Пәкістан армиясының ресми өкілі Ахмед Шариф Чаудридің мәліметінше, Үндістанның Адампур қаласынан бірнеше зымыран ұшырылған. Олар Пәкістан аумағындағы әуе базаларды, соның ішінде Исламабадтан 10 шақырым жердегі Равалпинди қасындағы Нур Хан базасын көздеген. Армия өкілінің айтуынша, Пәкістанның Әуе күштері нысандарына зиян келген жоқ.
Ахмед Шариф Чаудридің сөзінше, алты зымыранның бесеуі Үндістанның өз аумағында, Пенджаб штатында атып түсірілген. Ол: "Үндістан енді Пәкістанның жауабын күтуі тиіс", – деп мәлімдеді.
Айта кетейік, Үндістан бұл айыптаулар бойынша әзірге ресми пікір білдірген жоқ.
Екі ел арасында шиеленіс қайта өршіп, жақында Кашмирде атыс болған еді. Осыған байланысты Пәкістан қорғаныс министрі Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс ядролық соғысқа ұласуы мүмкін екенін ескерткен болатын.
Сонымен қатар, жақында Air Astana әуе компаниясы Алматы – Дели бағытындағы рейстің уақытша тоқтайтынын хабарлады. Үндістан бағытындағы бірнеше рейстердің кестесіне де өзгерістер енгізілді.
Кілтсөздер: Пәкістан, Үндістан, зымыран, Кашмир шиеленісі, ядролық соғыс қауіпі, әуе компаниялары, рейс кестесі.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
