Pulse Eurasian
Еуропаның ірі мемлекеттері АҚШ-тың Иранға қарсы ұстанымын қолдамады. Бұл НАТО ішіндегі одақтастар арасындағы жікті айқын көрсетті.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ Президенті Дональд Трамппен сөйлескенін айтты. Ол Иранмен келісімге келу мүмкіндігін талқылаған.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздер басталғанын мәлімдеді. Ол Иранның энергетикалық нысандарына жасалатын соққыны 5 күнге тоқтатты.
Колумбияда 128 әскери қызметші мінген ұшақ апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, 66 адам қаза тапқан. Оқиғаның себептері анықталуда.
Президент Тоқаев «Тазару күніне» орай халыққа үндеу жасады. Ол қазақстандықтарды «Таза Қазақстан» эстафетасына белсене қатысуға шақырды.
АҚШ Президенті Дональд Трамп сәуірде Израильге баруы мүмкін. Ол Иерусалимді астана деп танығаны үшін беделді марапат алмақшы.
Оманның Сыртқы істер министрі АҚШ-ты Иранмен арадағы қақтығысты тоқтатуға шақырды. Оның айтуынша, бұл соғыс аймақ экономикасына зиян келтірді.
Абай облысында Наурыз мейрамы жаңаша тойлануда. Семейде 18 киіз үй тігіліп, жұлздар концерт берді, ал облыс әкімі маңызды жобалар жайлы айтты.