Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Қырғызстанда алғаш рет қырғыз-қазақ айтысы өтеді
Жогорку Кенештің отырысында депутат Мирлан Самыйкожо Қырғызстан тарихында тұңғыш рет халықаралық қырғыз-қазақ айтысы ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Бұл мәдени шара Қырғызстанның Франциядағы елшісі Садық Шер-Нияздың қолдауымен өтеді.
— Біз Жогорку Кенеш депутаты Шайырбек Ташиев пен елші Садық Шер-Ниязбен қырғыз-қазақ айтысын өткізуге шешім қабылдадық. Бұл — мәдениетіміз үшін маңызды әрі тарихи оқиға. Егер қырғыз сөзі мен тілі әлемге таралып, ақындарымыз ұлттар достығы мен қырғыз-қазақ бірлігін жырласа — осының өзі үлкен жетістік, — деді Мирлан Самыйкожо.
Айта кетейік, бұған дейін Петропавлда Ұлыстың ұлы күніне орай республикалық ақындар айтысы өткен болатын.
Кілтсөздер: қырғыз-қазақ айтысы, халықаралық айтыс, ақындар айтысы, Қырғызстан, қырғыз тілі, мәдени шара, достық, Жогорку Кенеш, Садық Шер-Нияз.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
