Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Прагалық арнайы трамвай Кирилл мен Мефодийдің тарихи мұрасына назар аудартады
Прагада іске қосылған ерекше трамвай тұрғындарды Кирилл мен Мефодийдің мұрасымен танысуға және оларға құрмет көрсетуге шақырады. Бұл қоғамдық көлік «Бүкіл Чехия сенеді» атты ұлттық бастама аясында безендірілген. Бастаманың мақсаты — славян ағартушыларына арналған мерекеге жаңа серпін беріп, олардың өмір жолының қазіргі заманға да өзекті екенін көрсетеді.
AZƏRTAC агенттігінің хабарлауынша, жоба аясында трамвайдан бөлек ел көлемінде кең ауқымды әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, «Мефодий мен Кирилл жолы» атты анимациялық фильм көрсетілуде және мектептерде арнайы сабақтар өткізіліп жатыр.
Көптеген чехтар үшін Кирилл мен Мефодий тек тарих оқулығына тән есімдер. Шілде ортасына жоспарланған мереке көбінесе қарапайым демалыс күнінің бірі ретінде қабылданады. Сондықтан, жаңа бастаманың мақсаты – ұлы ағартушылардың заманауи қоғамдағы орны мен маңыздылығын айшықтау.
Трамвай ашық сары түсімен және комикс стиліндегі ерекше көркем безендірілуімен бірден көзге түседі. Жолаушыларға ой салып, әсер қалдыру мақсатында вагонында қызықты сөз тіркестері, хэштегтер мен сұрақтар орналастырылған.
Трамвайдың сыртқы келбеті Film21 компаниясы дайындаған «Мефодий мен Кирилл жолы» анимациялық фильміне негізделген. Бұл анимацияда қос ағартушы қазіргі Прага аялдамасында кездесіп, уақыт машинасындай трамвайға отырып, өткеннің маңызды сәттеріне сапар шегеді. Әр аялдама — олардың өміріндегі шешуші кезеңдерді еске түсіреді. Фильм үзінділері мамыр айының ортасынан бастап www.vericelecesko.cz сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады. Толықметражды нұсқасы маусымда көпшілік көрерменге қолжетімді болады.
Сонымен қатар, ел көлемінде Кирилл мен Мефодийдің мұрасының қазіргі қоғамда қалай қабылданатынын анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Прагада Петршин қалалық кітапханасында қазақ ертегілерінің чех тіліндегі жаңа жинағы таныстырылған болатын.
Кілтсөздер: Прага трамвайы, Кирилл мен Мефодий, тарихи мұра, анимациялық фильм, Бүкіл Чехия сенеді, әлеуметтік зерттеу, Чехия жаңалықтары, славян ағартушылары, қоғамдық көлік.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
