Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

20 октября, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Президент бір аптада 3 ірі жиын, 8 кездесу өткізді — Руслан Желдібай
Жаңалықтар

Президент бір аптада 3 ірі жиын, 8 кездесу өткізді — Руслан Желдібай

29 июня, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Оның сөзінше, апта құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінен басталды. Президент «Заң мен тәртіп» қағидатына сай қоғамда құқықтық мәдениет қалыптастыру мәселесін көтеріп, күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдарының жұмысын одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындады.

Мемлекет басшысы «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдап, сол күні кешке Полиция күніне арналған концертті тамашалады.

24 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысы өтті. Жиында Президент инвесторларға жасалатын қолайлы жағдай мен жеңілдіктерге тоқталып, экономикалық өсім әкелетін әлеуетті салаларға назар аударды. Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен, сондай-ақ елімізге инвестиция салған бірқатар шетелдік компания жетекшілерімен кездесіп, бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Түстен кейін Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады. Сонымен қатар сот жүйесі қызметінің биылғы бес айдағы қорытындысы жөнінде Жоғарғы сот Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің есебін тыңдады.

25 маусым күні Президент Ақтөбе облысына сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе қаласындағы мемориалдық ескерткіш кешеніне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті. Содан кейін Мемлекет басшысы XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты. Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған жиынға биыл өз өрендерімізбен қатар достас Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және Әзербайжан елдерінен 800-ге жуық жас қатысты.

26-27 маусым күндері халықаралық іс-шаралармен жалғасты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев IV Еуразиялық экономикалық форумға және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Беларусь астанасына сапарлады. Минск төріндегі форумда Мемлекет басшысы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің келешегі жөнінде ой-пікір білдіріп, осы стратегиялық маңызды саладағы әлеуетті нығайту үшін елімізде атқарылып жатқан шараларға тоқталды. ЖЕЭК-тің кезекті отырысында экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту перспективасы, сондай-ақ Бірлестіктің негізгі серіктестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы сенбі күні де жұмыс істеді. Уолтер Эдуард Денди атындағы нейрохирургия қоғамдастығының дүниежүзілік Х конгресіне қатысу үшін Астанаға келген белгілі медицина мамандарымен кездесті.

— Жалпы, Президент бір апта ішінде 3 ірі жиын, 8 кездесу өткізді. Бір мәрте өңірге сапарлап, шетелде өткен 3 халықаралық іс-шараға қатысты. Сондай-ақ апта ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург, Словения, Мозамбик елдерінің басшыларына құттықтау хатын жолдап, Қатар Мемлекетінің Әмірімен телефон арқылы сөйлесті, — деп атап өтті Руслан Желдібай Telegram-дағы парақшасында.

Бұдан бұрын Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Дара» Президенттік бастамалар қоры Қазақстанның жетекші медиа ұйымдарының қызметкерлеріне пәтер сертификаттарын табыстады.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Ақорда Руслан Желдібай саясат Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous Article«Сергек» камералары дрондарға орнатылады – жол үстіндегі бақылау күшейеді
Next Article Шекара дағдарысы: Жүк тасымалдаушылар Үкіметке үндеу жолдады

Related Posts

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025

Сенат төрағасы мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Президенті бірлескен мәлімдеме жасады

2 октября, 2025
Іздеу
Рубрики
  • Central Asia (481)
  • Басты тақырып (51)
  • Жаңалықтар (1 334)
  • Саясат (15)
  • Әлем (5)
Top Posts

Subscribe to Updates

Get the latest sports news from SportsSite about soccer, football and tennis.

Advertisement
Demo

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
Top Insights
Get Informed

Subscribe to Updates

Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

© 2025 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.