Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Ресей президенті Владимир Путиннің келіссөзге қатысты мәлімдемесіне ресми Кремль өкілі Дмитрий Песков түсініктеме берді. Оның айтуынша, Ыстамбұлда өтетін келіссөздерге Ресей делегациясы қатысып, украин тарапын күтеді. Бұл туралы Песков журналистің Зеленскийдің Путинмен кездесуге дайын екені жөніндегі сұрағына жауап бере отырып айтты.
Сонымен қатар, Песков Ресей делегациясының нақты құрамы президенттің арнайы нұсқауы шыққан соң жарияланатынын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский 15 мамырда Түркияда Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуді жоспарлап отырғанын және Анкара немесе Ыстамбұлда Владимир Путинмен келіссөздер жүргізуге үміттенетінін мәлімдеген еді.
Еске салсақ, бұған дейін біз Путиннің келіссөз туралы ұсынысына Еуропа елдері басшыларының қалай жауап бергені жөнінде жазған болатынбыз.
Кілтсөздер: келіссөз, Владимир Путин, Владимир Зеленский, Ыстамбұл, Түркия, Ресей делегациясы, Украина, Анкара, Режеп Тайып Ердоған.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
