Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Самарқанд облысында жанармай құю стансасында жарылыс болды
Самарқанд облысының Каттакурған ауданында жанармай құю стансасында болған жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты. Kun.uz ақпаратына сәйкес, оқиға орнында екі азамат көз жұмса, үшінші адам ауыр жарақаттардан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Полицияның мәліметінше, ЗИЛ жүк көлігін дизель отынымен толтыру кезінде 10 текше метрлік резервуарларда өрт тұтанған. Жарылыстан жанармай құю стансасының басшысы, оператор және жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды.
Облыстық ІІБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Самарқанд қаласындағы үш қабатты тұрғын үйде газ жарылып, ғимарат түгел қираған еді. Сол оқиғада алты адамның денесі табылған болатын.
Кілтсөздер: жанармай құю стансасы, жарылыс, Самарқанд, Өзбекстан, өрт қауіпсіздігі, қаза тапты, тергеу, дизель отыны
Фото: inform.kz сайтынан алынды
