Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Қазақстанның жаңа технологиялық хабына Гонконг қолдауы

11 июня, 2026

UNAMA басшысы Орталық Азиядан тағайындалуы неге маңызды?

10 июня, 2026

Hitay қорының өнер байқауы: Орталық Азия студенттеріне мүмкіндік

10 июня, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Өзбекстан мен Гонконг іскерлік кеңес құруға келісті

    10 июня, 2026

    Қырғызстан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі: Ресей қолдауы

    9 июня, 2026

    Тоқаев Пашинянды құттықтады: Армения сайлауы Мәскеу ықпалын сынауда

    9 июня, 2026

    Қазақстанның қаржы амбициялары: Гонконгпен ынтымақтастық

    8 июня, 2026

    Орталық Азия Гонконгтың жаңа логистикалық хабына айналуда

    7 июня, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Семейде облыстық көпсалалы аурухананың іргетасы қаланды
Жаңалықтар

Семейде облыстық көпсалалы аурухананың іргетасы қаланды

18 мая, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Семейде облыстық көпсалалы аурухана салынады. Бүгін медициналық нысанның іргетасын қалау рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Берік Уәли және осы саланың ардагерлері, дәрігерлер қатысты.

🟢

Президенттің тапсырмасына сәйкес бой көтеретін ғимарат Абай облысын дамытудың кешенді жоспарына енген. 300 төсек-орындық жаңа көпсалалы ауруханада бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын кеңес беру және тексеру бөлімі жұмыс істейтін болады.

Аймақ басшысы бұл медициналық нысанның өңір тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Абай облысы – ертеден дәрігерлік дәстүрі қалыптасқан киелі өңір. Аймағымыздан шыққан білікті мамандар қазақ медицинасының негізін қалады. Алайда, соңғы ширек ғасырда бұл сала назардан тыс қалып, білікті мамандардың басқа өңірлерге қоныс аударғанын да жасыра алмаймыз. Сондықтан бұл аурухананың іргетасын қалау – сол үзілген дәстүрді қайта жалғаудың нышаны. Мердігер компания өкілдері атап өткендей, аурухана заманауи медициналық технологиялармен жабдықталатын болады. Барлықтарыңызды осы сәтпен шын жүректен құттықтаймын. Біз бұл күнді асыға күттік. Өйткені, облысымызда осы уақытқа дейін осындай аурухана болған емес. Енді міне сол олқылықтың орны толды. Өңір тұрғындары атынан Мемлекет басшысына алғыс білдіреміз», — деді облыс әкімі.

Абай облысында бүгінде 31 стационарлық медициналық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 20-сы мемлекеттік, 11-і жекеменшік. Облыс бойынша әр 10 мың тұрғынға небәрі 59 төсек-орыннан келеді. Бұл – республика бойынша ең төменгі көрсеткіштердің бірі.

Облыстық мамандандырылған медициналық қызметтің 70 пайызы Семей қаласында шоғырланған. Қазіргі стационарлардың басым бөлігі ескі, материалдық-техникалық базасы тозған. Жедел медициналық жәрдем ауруханасы 300 төсекке шақталғанымен іс жүзінде 375 науқасты қабылдап отыр. Кардиология, инсульт, гинекология, токсикология, неврология, травматология бөлімдерінде төсек-орын тапшы. Жаңа аурухана осы тапшылықты жойып, заманауи талаптарға сай медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары үшін қашықтан кеңес беретін телемедицина орталығы құрылады. Медициналық нысан 2027 жылы пайдалануға берілмек.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleҚырғызстан музейлерін 1 млн-ға жуық адам аралаған
Next Article Ватиканда Рим Папасы Лев XIV-тің инаугурациялық месса рәсімі өтті

Related Posts

Қазақстанның жаңа технологиялық хабына Гонконг қолдауы

11 июня, 2026

UNAMA басшысы Орталық Азиядан тағайындалуы неге маңызды?

10 июня, 2026

Hitay қорының өнер байқауы: Орталық Азия студенттеріне мүмкіндік

10 июня, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version