Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

20 октября, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Семейде «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы басталды
Жаңалықтар

Семейде «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы басталды

20 июня, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Семейде «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы басталды. Ауқымды шараға Қазақстан Республикасы Парламенті және Сенат депутаттары, шетелдік және отандық инвесторлар, Абай облысынан шыққан ірі кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері қатысуда. Маңызды жиынға 500-ге жуық кәсіпкер шақырылған.

Форумның ашылу салтанатында облыс әкімі Берік Уәли өңірдің инвестициялық әлеуеті туралы баяндады.

-«Бүгін Абай елінің дамуына арналған маңызды қадам — «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумына жиналып отырмыз. Бұл форум – өзара ой бөлісетін, пікір алмасатын, ең бастысы, болашаққа бірге қадам басуға мүмкіндік беретін алаң. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай туған топыраққа келген адам бұл жердің киесін сезінеді, қасиетін ұғады. Семей – ұлы даланың ұлағатты өлкесі. Бұл – Алаш арыстарының ізі қалған, зиялыларымыз елдің болашағы үшін күрескен қастерлі өңір. Семей – ұлттық ғылым мен білімнің, өнер мен мәдениеттің тарихи орталығы» деп атап өткен қасиетті Семей төріне келіп отырсыздар. Абай облысы – жаңадан құрылғанымен, әлеуеті жоғары аймақ. Табиғи ресурстарымыз, еңбекқор халқы, өндірістік инфрақұрылымы мен географиялық орналасуы – тұрақты дамуға негіз бола алады. Алайда, осы мүмкіндіктерді іске асыру үшін жергілікті кәсіпкерлер мен инвесторлардың белсенділігі ауадай қажет», — деді аймақ басшысы.

Қолайлы географиялық орналасуының арқасында Абай облысы Қытай, Ресей және Орталық Азияны байланыстырады. Бұл тұрғыдан, ірі халықаралық сауда дәліздеріне шығатын көлік-логистикалық хабты дамытуға үлкен мүмкіндік бар.

Алдағы жылдары өңірде бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Солардың бірі – Аягөз–Бақты теміржолы мен құрғақ порттың құрылысы.

Қазіргі таңда облыста 8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға бағытталған, жалпы құны 2,7 трлн теңге болатын
38 перспективалы инвестициялық жобадан тұратын бірыңғай пул қалыптасты.

2024 жылдың қорытындысы бойынша нақты сектордағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 575,3 млрд теңге болды. Ал тікелей шетелдік инвестициялар көрсеткіші – 775,3 млн АҚШ доллары.Былтыр 14,4 млрд теңгеге 8 жоба іске асырылып, 330 жұмыс орны құрылды. 2025 жылы 31,1 млрд теңгеге 10 инвестициялық жобаны іске асырып, 767 жұмыс орны ашылмақ. Бүгінде 1 млрд теңгеге 1 жоба іске қосылды.

Биыл 10 миллиард теңгеге «СемАз» ЖШС өнеркәсіптік алаңдарын кеңейтіп, жылына 6 мың арнайы техника шығаратын желі жаңартылады. «Казполиграф» ЖШС жылына қуаттылығы 40 миллион қағаз бен картон бұйымдары өндірісін іске қосады.

Облыс әкімі осы уақытқа дейін 50-ден астам шетелдік инвестормен кездесу өткізді. Сонымен қатар, өткен айда Абай облысы делегациясы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапарымен барып, «Үлкен Алтай» субөңірлік ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференциясына қатысты. 20 кездесу өткізіп, жалпы сомасы – 1,5 млрд АҚШ долларынан асатын 15 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Осы сапардың нәтижесінде Семей қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағында «SUTO KAZAKHSTAN» кәсіпорны қытай компаниясымен бірлесіп, жалпы сомасы 50 млн АҚШ долл. құрайтын чиптер мен электронды қондырғыларды өндіретін зауыттың құрылысы басталды.

Семейдегі жер көлемі 96 гектарды құрайтын «Өндіріс» индустриялық аймағында төрт жоба жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлер мен инвесторлар тарапынан өндірістік алаңдарға деген қажеттілік жоғары
Сондықтан индустриялық аймақтың аумағын 600 гектарға дейін кеңейту жұмысы қолға алынады.

Форум қорытындысында 14 өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Форум аясында облыстың өндірістік, ауыл шаруашылық әлеуетін көрсететін үлкен көрме жұртшылық назарына ұсынылды. Жиынға келген құрметті қонақтар облыс әкімімен бірге көрмені тамашалады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleКатонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық музыкалық фестивалі өтті
Next Article Алакөл инфрақұрылымы жаңаша тыныс алды

Related Posts

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025

Сенат төрағасы мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Президенті бірлескен мәлімдеме жасады

2 октября, 2025
Іздеу
Рубрики
  • Central Asia (481)
  • Басты тақырып (51)
  • Жаңалықтар (1 334)
  • Саясат (15)
  • Әлем (5)
Top Posts

Subscribe to Updates

Get the latest sports news from SportsSite about soccer, football and tennis.

Advertisement
Demo

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
Top Insights
Get Informed

Subscribe to Updates

Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

© 2025 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.