Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Молдова ТМД-дан кетті: Ресейдің агрессиясы басты себеп ретінде аталды

3 апреля, 2026

Семейдегі базарлар әкімнің ашуын тудырды: кәсіпкерлерге қатаң ескерту жасалды

2 апреля, 2026

Жаңа соғыс қаупі: Иран Украинаға қатысты БҰҰ-ға ресми шағым түсірді

31 марта, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Семейдегі базарлар әкімнің ашуын тудырды: кәсіпкерлерге қатаң ескерту жасалды
Жаңалықтар

Семейдегі базарлар әкімнің ашуын тудырды: кәсіпкерлерге қатаң ескерту жасалды

2 апреля, 2026
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
file_415.jpg
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семейдегі бірнеше ірі базардың жағдайына көңілі толмай, кәсіпкерлерге қатаң ескерту жасады. Ол сауда орындарының иелеріне жағдайды түзетуге үш ай уақыт беріп, одан кейін өзі келіп тексеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Облыс басшысы құқық қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерімен бірге қаладағы «Нива» сауда үйін, «Жансая» базарын және «Мың бастау» сауда орталығын аралады. Тексеріс барысында халық көп жиналатын орындардың абаттандыру және тазалық деңгейі талапқа сай емес екені анықталды.

Мәселен, 1985 жылы салынған «Нива» сауда үйінің алдында ескі дүңгіршектер тұр, баспалдақтары тазаланбаған, ал ғимараттың төбесінен су ағып тұр. «Жансая» базарының сыртқы келбеті де сын көтермейді: контейнерлер мен ішіндегі сауда бутиктері тозған.

Әкім бұл олқылықтарды «Таза Қазақстан» акциясы аясында тез арада жоюды тапсырды. Ол ескертуді елемеген кәсіпкерлерге айыппұл салынатынын қатаң ескертті. Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері тазалық ережелерін бұзғандарға жалпы сомасы 12,3 млн теңге айыппұл салынған.

«Талап – барлығына ортақ. Қаланың қақ ортасында тұрған сауда орындарындағы тазалықтың мұндай деңгейде болуы мүлдем дұрыс емес. Семей – ортақ үйіміз, оны таза ұстау – әрқайсымыздың міндетіміз. Ескертуді елемегендерді жауапқа тартып, айыппұл саламыз. Кәсіпкерлер табыстарының бір бөлігін абаттандыруға жұмсауы тиіс», – деді Берік Уәли.

Енді сауда орындарының басшылары мен қала әкімдігі үш ай ішінде базарларды жаңғырту және абаттандыру бойынша нақты жобаларын ұсынуы тиіс. Берік Уәли белгіленген мерзімнен кейін нысандарды арнайы келіп тексеретінін айтты.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleЖаңа соғыс қаупі: Иран Украинаға қатысты БҰҰ-ға ресми шағым түсірді
Next Article Молдова ТМД-дан кетті: Ресейдің агрессиясы басты себеп ретінде аталды

Related Posts

Молдова ТМД-дан кетті: Ресейдің агрессиясы басты себеп ретінде аталды

3 апреля, 2026

Жаңа соғыс қаупі: Иран Украинаға қатысты БҰҰ-ға ресми шағым түсірді

31 марта, 2026

Темір құрсау ашылды ма: Қытай мен Солтүстік Корея арасында әуе рейстері ашылды

31 марта, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version