Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Өзбекстан президенті Мәскеуге барды: Тоқаев Ресейдегі Жеңістің 80 жылдығына қатысуда
Шавкат Мирзиёев Мәскеу әуежайында Ресей Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Максим Орешкин мен Үкімет төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров тарапынан салтанатты түрде қарсы алынды.
Сапар барысында Өзбекстан президенті Мәскеуде өтетін Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысады әрі ресми екіжақты кездесулер өткізеді.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Ресейге барып, Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық жиындарға қатысуда.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла президенті Николас Мадуромен, Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен және Сербия президенті Александр Вучичпен келіссөздер жүргізді.
Кілтсөздер: Мәскеу, Жеңістің 80 жылдығы, Қазақстан Президенті, Өзбекстан Президенті, Қасым-Жомарт Тоқаев, Шавкат Мирзиёев, ресми сапар, халықаралық іс-шара, Владимир Путин.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
