Астана әуежайына БАӘ-ден 1 миллиард доллардан астам инвестиция тартылмақ. Бұл қаражатқа екінші ұшу-қону жолағы салынып, үшінші терминал бой көтереді, техника жаңартылып, қызметкерлер саны арттырылады. Бәрі керемет сияқты – «Араб бауырларға рахмет!» дегің келеді.
Бірақ мұндай қомақты ақша жайдан-жай берілмейді. Енді сұрақ туады:
Әуежайдың қандай бөлігі берілді? Қанша жылға? Енді кім қожайын, кім тек рейс қарсы алушы?
Салтанатты мәлімдемелермен қатар, Көлік министрлігі келісімнің нақты шарттарын да жариялауы тиіс еді.
Инвестиция тарту – дұрыс. Бірақ ол стратегиялық нысандарды «басқаруға беру» түрінде болмауы керек.