Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Limak Holding» түрік құрылыс компаниясы ірі несие алды
Түркияның жетекші құрылыс компаниясы «Limak Holding» италиялық SACE экспорттық несие агенттігімен 10 жылға 250 млн еуро (шамамен 284,23 млн доллар) көлемінде несие алуға келісім жасады.
Бұл қаржы Кыналы-Малкара тасжолының бір бөлігін кеңейтіп, жаңғыртуға бағытталады. Сонымен қатар, жобада әлемдегі ең ұзын аспалы көпір – 1915 жылғы Чанаккале көпірін дамыту да бар. Ұзындығы 2023 метрлік негізгі аралығы және 318 метрлік мұнаралары бар бұл көпір Түркияның Еуропа мен Азия бөліктерін Дарданелл бұғазы арқылы жалғайды.
Чанаккале көпірі мен оған қатысты инфрақұрылымды жаңарту көлік қатынасының тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырады. Бұл Түркияның батысында экономикалық өсуді қамтамасыз етіп, көлік инфрақұрылымын жаңғырту арқылы елдің транзиттік әлеуетін күшейтеді. Түркия бүгінде көпірлер, әуежайлар мен тасжолдарды жаңартып, өзін Еуропа, Азия және Таяу Шығыс арасындағы басты логистикалық хаб ретінде қалыптастырып келеді.
Айта кетейік, бұған дейін Ыстанбұлдағы жер сілкінісінен кейін қала маңындағы тұрғын үйлерге сұраныс күрт артқаны хабарланған еді.
Кілтсөздер: Limak Holding, Түркия инфрақұрылымы, Чанаккале көпірі, транспорттық хаб, экспорттық несие, Дарданелл көпірі, транзиттік әлеует.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
