Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Таиландта тікұшақ апатқа ұшырады: үш адам қаза тапты
Таиландтың Прачуапкхирикхан провинциясында тікұшақ апатқа ұшырап, төрт адамның үшеуі қаза тапты. Bangkok Post басылымының мәліметінше, оқиға Муанг ауданында болған. Тікұшақ құлаған сәтте бір жолаушы парашютпен секіріп, тірі қалған. Алайда, оның қазіргі жағдайы мен қайда жүргені белгісіз болып отыр.
Әуе апатына байланысты тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Прачуапхирикхан провинциясының жағалауында полиция қызметкерлері мінген шағын ұшақ теңізге құлап, алты адам көз жұмған еді.
Кілтсөздер: Таиландтағы тікұшақ апаты, Прачуапкхирикхан провинциясы, әуе апаты, тікұшақ құлауы, Таиланд жаңалықтары
Фото: inform.kz сайтынан алынды
