Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Қазақстанның жаңа технологиялық хабына Гонконг қолдауы

11 июня, 2026

UNAMA басшысы Орталық Азиядан тағайындалуы неге маңызды?

10 июня, 2026

Hitay қорының өнер байқауы: Орталық Азия студенттеріне мүмкіндік

10 июня, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Өзбекстан мен Гонконг іскерлік кеңес құруға келісті

    10 июня, 2026

    Қырғызстан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі: Ресей қолдауы

    9 июня, 2026

    Тоқаев Пашинянды құттықтады: Армения сайлауы Мәскеу ықпалын сынауда

    9 июня, 2026

    Қазақстанның қаржы амбициялары: Гонконгпен ынтымақтастық

    8 июня, 2026

    Орталық Азия Гонконгтың жаңа логистикалық хабына айналуда

    7 июня, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Ташкентте ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы өтті
Central Asia

Ташкентте ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы өтті

29 апреля, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Басқосуға ТМД-ға мүше елдер үкімет басшыларының орынбасарлары, экономика министрлері мен аталған ұйымдағы арнайы өкілдері қатысты. Олар экономикалық ілгерілеуге ықпал ететін өзара іс-қимылдар мен жоспарларды талқылады.

Ташкентте ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы өтті
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

— Делегация басшылары шағын құрамда кездесіп, күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, ТМД шеңберінде 2030 жылға дейін өзара инвестиция тарту жобаларын ынталандыру жөніндегі кешендік жоспар қаралды. Бұл бастаманы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев көтерген болатын. Кездесу қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды, — деді ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, отырыста делегаттар 20 маңызды мәселені шешу жолдарын іздестірді. Оның ішінде ауыр техника шығару, жеңіл өнеркәсіпті дамыту және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту тұжырымдамалары бар. Сонымен қатар тараптар ТМД аясында бұрын қабылданған кейбір құжаттарға түзету енгізді.

Ташкентте ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы өтті
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

— Қамтылған барлық мәселе бойынша әзірленген ұсыныстарды ТМД Үкімет басшылары кеңесінің қарауына енгізу жоспарланып отыр. Қабылданған шешімдер тараптардың мүддесіне сәйкес келеді. Экономикалық байланыстарды нығайтуға басымдық беріп отырғанымыз бекер емес. Өйткені, бұл біздің ынтымақтастықтың негізі, — деді Сергей Лебедев.

Отырыс қорытындысы бойынша 19 құжат қабылданып, ТМД-ға мүше елдер ынтымақтастықты тереңдете түсуге уағдаласты.

Сондай-ақ, келесі кездесудің өтетін уақыты мен жері бекітілді. ТМД Экономикалық кеңесінің кезекті отырысы биыл 18 шілдеде Мәскеу қаласында ұйымдастырылады.

Қоса кетсек, бұған дейін Қазақстанның «ТМД +» форматын құру бастамасы Достастықтың беделін арттыруға ықпал ететінін жазып едік.

Бұған қоса, ТМД-ның алғашқы халықаралық кинофестивалі Қазақстанда өтеді.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

ТМД экономика Әлем жаңалықтары Өзбекстан
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous Article«Гүлдер» ансамблінің солисі халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды
Next Article Иранның Бендер-Аббас портындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 70 адамға жетті

Related Posts

Қазақстанның жаңа технологиялық хабына Гонконг қолдауы

11 июня, 2026

UNAMA басшысы Орталық Азиядан тағайындалуы неге маңызды?

10 июня, 2026

Өзбекстан мен Гонконг іскерлік кеңес құруға келісті

10 июня, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version