Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

«Кітап оқитын ұлт»: Қостанай облысынан 55 мыңнан астам адам жобаға қатысуда

19 ноября, 2025

Развитие АПК: рост благосостояния сельских жителей как этап при построении Справедливого Казахстана

14 ноября, 2025

Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

20 октября, 2025
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Telegram алғаш рет 540 миллион доллар пайдаға кенелді
Central Asia

Telegram алғаш рет 540 миллион доллар пайдаға кенелді

23 мая, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Telegram кірісі рекордтық көрсеткішке жетті: 2024 жылы мессенджер қанша пайда тапты?

2024 жылы Telegram өзінің қаржылық табыстарымен жұртты таңғалдырды. Мессенджердің жылдық кірісі 1,4 миллиард долларға дейін өсіп, былтырғы көрсеткіштен төрт есе артты. Былтыр компания 343 миллион доллар ғана кіріс тапса, 173 миллион доллар көлемінде шығынға ұшыраған еді. Бұл жетістік Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровқа қатысты Францияда басталған тергеулер мен қатаң қысым кезінде тіркеліп отыр.

Financial Times мәліметтері бойынша, бұл қаржылық ақпарат инвесторларға жаңа 1,5 миллиард долларлық облигацияларды ұсынардың алдында жарияланған. Telegram облигацияларын сату науқаны жақында басталып, жақын күндері аяқталуы мүмкін.

Telegram-ның негізгі табыс көздері – белсенді қолданушылар саны, премиум жазылымдар және TON блокчейні мен Toncoin криптовалютасына негізделген серіктестіктер арқылы келіп отыр. Сондай-ақ, платформа әзірлеушілерге сауда, ойын және түрлі сервис қосымшаларын енгізуге мүмкіндік беріп, одан қосымша пайда түсіруде.

2024 жылы Telegram табыс құрылымы былайша бөлінді:

  • Жарнама — 250 млн доллар
  • Премиум жазылымдар — 292 млн доллар
  • TON экожүйесі мен серіктестік жобалар — жалпы кірістің жартысына жуығы

Компания 2025 жылға дейін табысын 2 миллиард долларға дейін жеткізуді, ал таза пайдасын 720 миллион долларға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қолма-қол қаржы қоры да 530 миллион долларға жеткен.

Телеграм IPO және Францияда қысым

Telegram бұдан бөлек IPO-ға (акцияларды ашық нарықта сату) шығу мүмкіндігін де қарастырып отыр. Алайда Франция билігінің Павел Дуровқа тосқауыл қоюы бұл жоспарға кедергі болуы мүмкін. Франция мен БАӘ азаматтығы бар Telegram басшысы платформада тыйым салынған контент пен терроризмге қатысты материалдардың таралуы үшін айыпталуда. Дуровтың пікірінше, бұл әрекеттердің саяси астары бар, себебі Францияның барлау қызметі Telegram арқылы саяси контентті шектеуге тырысқан.

Заңды қиындықтарға қарамастан, Telegram жасанды интеллект бағытында жаңа серіктестіктерге бет бұрып, Илон Масктың xAI стартапына тиесілі Grok чат-ботын монетизациялауды жоспарлап отыр.

Бүгінгі күні Telegram-да ай сайын 1 миллиардтан астам белсенді қолданушы бар. Мессенджер небары 60 қызметкерден тұратын шағын командамен жұмыс істейді, ал модерация қызметі негізінен аутсорсинг арқылы атқарылады.

Telegram – қазіргі заманның сұранысын толық қамтамасыз етіп отырған ірі, қауіпсіз және көп функциялы мессенджер ретінде өз позициясын нығайта түсуде.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Telegram Табыс Әлем жаңалықтары
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleФранция ЕО-ға бюрократиямен күресте белсенді болуды ұсынды 19:57, 22 Мамыр 2025
Next Article Бизнес-класс ұшағы Сан-Диегоның тұрғын үй ауданына құлап, өрт шықты

Related Posts

Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

28 июля, 2025

Әзірбайжанда Ресей азаматтарының тағы бір тобы ұсталды

2 июля, 2025

Әзербайжан мұнай қоры БАӘ газ инфрақұрылымына 50 млн доллар инвестициялады

30 мая, 2025
Іздеу
Рубрики
  • Central Asia (481)
  • Басты тақырып (51)
  • Жаңалықтар (1 336)
  • Саясат (15)
  • Әлем (5)
Top Posts

Subscribe to Updates

Get the latest sports news from SportsSite about soccer, football and tennis.

Advertisement
Demo

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
Top Insights
Get Informed

Subscribe to Updates

Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

© 2025 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.