Қытай мен Солтүстік Корея пандемиядан бері тоқтап тұрған тікелей әуе қатынасын қайта жандандырды. Air China әуекомпаниясы Бейжіңнен Пхеньянға алғашқы рейсін орындады, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Бұл – екі ел арасындағы байланыстың қайта жандана бастағанының белгісі. Осы жылдың наурыз айында аптасына төрт рет қатынайтын жолаушылар пойызы да іске қосылған еді.
Ресми Пхеньян бірнеше жылға созылған қатаң ковид шектеулерін біртіндеп алып тастап жатыр.
Пандемияға дейін Солтүстік Кореяға келетін туристердің басым бөлігі (90%) қытайлықтар болатын. Сондықтан Air China рейстерінің қайта ашылуы – елдің қалыпты өмірге оралуы жолындағы маңызды қадам.
