Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Ақ үй басшысы Канада премьер-министрімен кездесті
Ақ үй басшысы Дональд Трамп Канада премьер-министрі Марк Карниді қабылдау барысында Йемендегі хуситтер туралы пікір білдірді.
— Олар соғысты тоқтату ниеттері барын айтты және біз бұған сенеміз. Егер бомбалау доғарылса, олар берілмек. Ең бастысы, хуситтер енді кемелерге шабуыл жасамайтынын жеткізді — бұл біздің мақсатымызға сай келеді, — деді Трамп.
Йемендегі хуситтер әзірге АҚШ Президентінің бұл сөзіне ресми жауап берген жоқ.
Айта кетейік, жуырда Израиль әскерилері Йемендегі хуситтердің бірнеше нысанына, оның ішінде Сана қаласының халықаралық әуежайына соққы жасағанын мәлімдеді. Израиль билігінің айтуынша, әуежай толық істен шыққан. Әуежай өкілі AFP агенттігіне берген түсініктемесінде ғимараттың толықтай қиратылғанын растады.
Сондай-ақ, бұған дейін хуситтер АҚШ-ты Сана және оның аймағына онға жуық зымыран соққысын жасады деп айыптаған болатын.
Кілт сөздер: Ақ үй, Дональд Трамп, Йемен, хуситтер, Израиль, Канада премьер-министрі, халықаралық әуежай, Сана, АҚШ, әскерилер, зымыран соққысы.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
