АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздер басталғанын мәлімдеп, бес күнге дейін кез келген әскери шабуылды тоқтата тұруға бұйрық берді, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Трамп бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. Оның айтуынша, соңғы екі күнде АҚШ пен Иран Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдарды «толық әрі жан-жақты реттеу» үшін «өте жақсы әрі нәтижелі» келіссөздер жүргізген.
Осыған байланысты Ақ үй басшысы Иранның электр станциялары мен энергетикалық инфрақұрылымына жасалуы мүмкін әскери соққыларды бес күнге кейінге шегерді.
