Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер жалғасып жатқанын атап өтті. Ол АҚШ атысты 30 күнге сөзсіз тоқтатуға шақырғанын, бұл қадам екі ел үшін де маңызды екенін айтты. Президент атысты тоқтату режимі орындалмаса, АҚШ пен одақтастары Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізетінін ескертті.
Трамптың айтуынша, қақтығыс аймағында әр апта сайын мыңдаған жас сарбаз қаза табуда және бұл жағдайдың тезірек тоқтағанын бәрі қалайды. Ол Ресей мен Украина арасындағы тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге еуропалық елдермен бірге қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда бейбіт келісімге жетуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Үндістан мен Пәкістан арасындағы жанжалды реттеуге де жәрдем беруге дайын екенін айтқан болатын.
Кілтсөздер: Ресей мен Украина, Трамп, атысты тоқтату, бейбіт келісім, қақтығыс, қақтығысты шешу, АҚШ санкциялары.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
