Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Вашингтонда Дональд Трамп қатысқан кешкі асқа бай инвесторлар $TRUMP мемкоиніне миллиондап қаржы құйды
Nansen компаниясының блокчейн талдауына сәйкес, 200-ден астам ірі инвестор Вашингтонда өткен кешкі аста Дональд Трамппен кездесуге мүмкіндік алу үшін $TRUMP мемкоинін сатып алуға 55 мыңнан 37,7 миллион долларға дейін жұмсаған. Мемкоин сатып алуға ең көп қаражат бөлген үздік жеті адам 10 миллион доллардан артығын шығындаса, ең төменгі 24 жеңімпаз 100 мың долларға жетпейтін қаржы жұмсаған. Ал жеңімпаздардың үштен бірі немесе 67 адам, $TRUMP монетасына кемінде 1 миллион доллардан салды.
Нәтижесінде, 220 адам ерекше байқаудың жеңімпазы атанып, Вашингтондағы Trump National Golf Club-та өткен кешкі асқа шақырылды. Ресми деректерге сүйенсек, $TRUMP монеталарының 80%-ы Трамппен байланысты CIC Digital және Fight Fight Fight LLC компанияларына тиесілі.
Айта кетейік, Дональд Трамп жақында президенттік мерзімі аяқталғанша “Алтын күмбез” салу жоспарын жариялаған болатын.
Кілтсөздер: Трамп, Вашингтон, $TRUMP мемкоин, криптовалюта, инвестор, блокчейн, кешкі ас, Trump National Golf Club.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
