Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады. Жаңа мамандықтар қатарына шекарааралық электрондық коммерция менеджері, дрондар тобын басқару жоспарлаушысы, электрондық схемаларды әзірлеуші және тағы басқа сұранысы жоғары қызметтер кірді. Бұл туралы Қытайда соңғы жылдары жүргізілген ауқымды еңбек нарығын жаңарту аясында мәлім болды.
Еңбек министрлігі биыл 42 жаңа жұмыс түрін бекітті. Олардың арасында генеративті жасанды интеллект жүйелерін сынау, интеллектуалды қойма жұмыстарын ұйымдастыру және заманауи техникалық қызмет көрсету бар.
Қытай үкіметі жаңа мамандықтар тізімін алғаш рет 2018 жылы ұсынған. 2019-2024 жылдар аралығында барлығы 93 жаңа мамандық ресми түрде енгізілді.
Қытай Халық Республикасының 2025 жылға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес, биыл елдің ірі қалаларында 12 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылуы тиіс. Жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайыз шамасында болады деп күтілуде.
Электрондық коммерция, жасанды интеллект және дронымен байланысты салалардың дамуы еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр.
> Айта кетсек, бұған дейін қытайлықтардың 70 пайызы салмақ тастауды мақсат тұтып отырғаны хабарланған болатын.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
