Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Қытайда семіздікпен күрес күшейтілуде
Фошань қаласында өткен семіздіктің алдын алу жөніндегі конференцияда Қытайдағы ересектердің денсаулығы мен салмақ бақылауы жайлы жаңа ақ кітап таныстырылды. Құжатта өз салмағын өлшеген қытайлықтар бұл көрсеткіштің дене массасы индексіне (ДМИ) сәйкес еместігін байқап отыр. Мәселен, сауалнамаға қатысқан ересектердің 14 пайызы өз салмағын қалыпты деп санаса да, ДМИ көрсеткіші бойынша артық салмаққа ие екені анықталған.
Қытайдың профилактикалық медицина қоғамы төрағасының орынбасары Лян Сяофэннің айтуынша, өзін-өзі бағалаудағы мұндай қателіктер созылмалы аурулардың, әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары мен қант диабетінің алдын алуды қиындатады. Бұл қытайлықтардың артық салмақ пен семіздіктің денсаулыққа қауіпті екенін жеткілікті түсінбейтінін көрсетеді.
Ресми деректерге сәйкес, Қытайда қазіргі таңда ересектердің 34,3 пайызы артық салмақпен, ал 16,4 пайызы семіздікпен күресуде. Егер алдын алу шаралары қолға алынбаса, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 70,5 пайызға жетіп, медициналық шығын 61 миллиард АҚШ долларын құрауы мүмкін.
Осыған байланысты 2024 жылдың маусымында Қытай үкіметі бүкіл ел көлемінде үш жылдық салмақты бақылау науқанын бастады. Бірқатар ауруханаларда семіздіктің алдын алу және емдеу орталықтары ашылмақ. Бұл орталықтарда артық салмақтан арылуға арналған стационарлық қызметтер көрсетіледі. 2025 жылдың маусымына дейін елдің барлық өңірлерінде осындай қызметтер қолжетімді болады деп күтілуде.
Сарапшылар қазіргі таңда қытайлықтардың жартысынан астамы салмағын бақылау үшін май, тұз және қант мөлшері төмен тағамдарды тұтынуға тырысып, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану жолын ұстанып жүргенін айтады.
Кілтсөздер: Қытайда семіздік, артық салмақ, денсаулық сақтау, ДМИ, салмақ бақылау, салауатты өмір салты, алдын алу, дұрыс тамақтану.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
