Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Өзбекстанда исламдық қаржыландыру секторы қарқынды дамуы мүмкін. Еуразиялық даму банкінің мәліметінше, құқықтық реформалардың енгізілуі нәтижесінде алдағы жылдары исламдық банкинг пен сукук нарығы айтарлықтай өседі деп күтілуде. Болжам бойынша, 2028 жылға қарай Өзбекстандағы исламдық банк активтері 1,1 млрд долларға жетеді, ал сукук көлемі 2033 жылы 1,9 млрд долларға дейін ұлғаяды.
Сарапшылар Орталық Азияда халық санының өсуі және исламдық қаржыландыру өнімдеріне сұраныстың артуы осы саланың үлкен әлеуетін көрсетеді деп санайды. Жалпы аймақта 2028 жылы ислам банктерінің активтері 2,5 млрд долларға, 2033 жылы 6,3 млрд долларға дейін өседі деп күтіледі. Сонымен қатар, осы кезеңде сукук нарығы 5,6 млрд долларға дейін ұлғаяды.
Айта кетейік, исламдық қаржыландырудың ерекшеліктері туралы толығырақ осы жерден оқи аласыз.
Кілтсөздер: исламдық қаржыландыру, ислам банкингі, сукук, Орталық Азия, Өзбекстан, қаржы нарығы, құқықтық реформалар.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
