Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
— Біз автомобиль және темір жолдарының құрылысы, сонымен қатар қалпына келтіру жобаларын іске асырып жатырмыз. Бұл байланыстар біздің еліміз бен Әзербайжан арасындағы сауда қатынастарын нығайтады. Сонымен қатар, Әзербайжан Иран мен Ресей арасындағы жүк тасымалдауға көпір қызметін атқара отырып, өз әлеуетін пайдалана алады. Иран аумағы арқылы көліктік операцияларды жүргізу мүмкіндігін де қарастыруда, — деді Иранның көлік министрі Масуд Пезешкиан.
Ол Әзербайжан президентімен кездесуде Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізін құруды аяқтау және жүк тасымалдауды оңайлату үшін ішкі коммуникацияларды дамыту жобаларын талқылауды жоспарлап отырғанын атап өтті.
Пезешкиан, сондай-ақ, Иранның жасыл энергия саласында Әзербайжанмен ынтымақтасуға қызығушылық танытатынын айтты.
— Қазір гидроэнергетикалық жобалар жүзеге асырылуда. Біз күн және жел энергиясы саласындағы мәселелер бойынша да бірлесе жұмыс істей аламыз, — деді ол.
Тегеран тараптардың өнеркәсіп, сауда және бірлескен инвестиция салаларында ынтымақтастық орнатуын пайдалы деп есептейді.
Иран президенті екі елдің Иран территориясы арқылы Нахичеванға дейінгі дәліз құру жөніндегі ортақ жобаны жүзеге асырып жатқанын мәлімдеді.
— Бұл бағыт Әзербайжан мен Нахичеван арасындағы байланыс мәселелерін шешуге көмектеседі, сонымен қатар Әзербайжан мен Иран арасында қауіпсіз қарым-қатынасты қамтамасыз етеді, — деді ол.
Айта кету керек, Иран президенті Масуд Пезешкиан Бакуге ресми сапармен келді.
Бұдан бөлек, Иранның Жол және қала құрылысы министрі Әзербайжан мен Иранның бірлескен көлік комитетін құратынын хабарлаған болатын.
Сонымен қатар, қаңтарда Әзербайжан мен Иран Астарадағы теміржол терминалының құрылысын бастау туралы келісімге қол қойды.
Иран мен АҚШ келіссөздердің үшінші раундын өткізді жөнінде.
Фото: inform.kz сайтынан алынды