Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №51 референдум учаскесіне барып, Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша өз таңдауын жасады, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Дауыс бергеннен кейін Мемлекет басшысы отандық және шетелдік журналистермен кездесіп, бұл күннің ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтті.
«Бүгін – еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Бұл – азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін тарихи құжат. 1995 жылы қабылданған Конституция өз міндетін атқарды, бірақ заман бір орында тұрмайды. Сондықтан жаңа Конституция қабылдайтын уақыт келді. Бұл жұмысқа мен де белсене атсалыстым. Конституцияның кіріспесін және басқа да нормаларын өзім жаздым. Жаңа Ата заң ел игілігіне қызмет етеді деп сенемін», – деді Президент.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформаның негізгі мақсаттары мен халықаралық жағдайға қатысты бірқатар сұраққа жауап берді.
