Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Трамп Вашингтондағы Триумфальды арканы әскери мақсатта қолданбақ

20 сентября, 2026

 «Сырттан жау» іздеу: BBC зерттеуінің қазақстандық көрінісі бар ма?

10 сентября, 2026

Гонконг Қазақстанның озық өндірісіне серпін бере алады

8 сентября, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Си Цзиньпиннің дипломатиялық белсенділігі Трамппен кездесу қарсаңын…

    7 сентября, 2026

    Қырғызстан-Пәкістан саудасы: 12 есе өсу шынайы ма?

    7 сентября, 2026

    Бішкектегі АҚШ делегациясы бизнесті бірінші орынға қойды

    3 сентября, 2026

    Санья Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерімен бауырлас қала байланысын…

    3 сентября, 2026

    Қырғызстан ШЫҰ саммитін өткізіп, жаһандық державалармен теңгерім са…

    3 сентября, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » «Мұсылман бауырлар» ұйымы Францияда қауіпті деп танылды
Central Asia

«Мұсылман бауырлар» ұйымы Францияда қауіпті деп танылды

22 мая, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Францияда "Мұсылман бауырлар" қозғалысына қарсы шаралар күшейтілді

Франция президенті Эммануэль Макрон республикалық институттарға исламшыл ұйымдардың ықпалына қарсы тұруға шақырды. Бұл жөнінде France International радиосы хабарлады. Қауіпсіздік және ұлттық қорғаныс кеңесінің отырысында, ең алдымен, елдегі "Мұсылман бауырлар" қозғалысына (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) ерекше назар аударылды. Француз шенеуніктері бұл ұйымның іс-әрекеті ұлттық бірлікке қауіп төндіретінін атап өтті. Ал, аталмыш құрылым өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, Франция үкіметін исламофобияға айып тақты.

Президент Макрон 2017 жылы қызметіне кіріскеннен бастап терроризммен және радикалды исламмен күресті басты бағыттарының бірі ретінде жариялаған еді. Сол кезеңнен бері елде төтенше жағдай режімі ұзартылып, ішкі қауіпсіздік пен терроризмге қарсы заң қабылданып, арнайы қызметтердің мүмкіндігі артты.

Қауіпсіздік кеңесінің мәліметінше, "Мұсылман бауырлар" қозғалысы Францияда белсенді түрде таралып жатыр. Бұл ұйым оқшаулану немесе анклавтар құруды көздейтін сепаратистерден айырмашылығы, мемлекеттік құрылымдарға – әсіресе муниципалитеттерге – енуге тырысады. Францияның ішкі істер министрі Бруно Ретайло: "Олардың түпкі мақсаты – француз қоғамын шариғат заңына сай өмір сүруге мәжбүрлеу. Бұл – Франция Республикасының негіздеріне және ұлттық бірлікке қарсы", – деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Франция арасында адамдарды реадмиссиялау туралы келісім қаралған болатын.

Кілтсөздер: Франция, Эммануэль Макрон, ұлттық қауіпсіздік, Мұсылман бауырлар, терроризмге қарсы күрес, исламшыл ұйымдар, француз үкіметі, шариғат, ішкі істер министрлігі.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Дін Франция Әлем жаңалықтары
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleГуманитарлық жүк тиелген 190-нан астам жүк көлігі Газа секторына жетті
Next Article Ұйымдасқан қылмыстық топ Amazon-нан 83 млн доллардан астам сомаға тауар ұрлаған 16:43, 22 Мамыр 2025

Related Posts

Гонконг Қазақстанның озық өндірісіне серпін бере алады

8 сентября, 2026

Гонконг пен Орталық Азия: ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері

7 сентября, 2026

Қазақстан мен Гонконг биотехнологиялық стартаптарды дамыта алады

7 сентября, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version