Қазақстанда жазда кезектен тыс Парламент сайлауы өтуі мүмкін, сондай-ақ Конституция күні басқа күнге ауыстырылды, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жаз айларында Парламент сайлауын өткізу қажет екенін айтты. Оның ойынша, бұл сайлау ел үшін маңызды қадам болмақ.
«Сайлауды бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын», – деді Президент.
Сонымен қатар, Тоқаев еліміздегі басты мерекелердің бірі – Конституция күніне қатысты өзгерісті жариялады. Енді бұл күн 30 тамызда емес, 15 наурызда атап өтіледі.
«Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын», – деді Мемлекет басшысы.
