Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Трамптың жеке мүддесі: Таяу Шығыстағы соғыс неліктен тоқтамайды?

22 марта, 2026

Трамптың Бейжіңге сапары болмай қалды: себебі Иранмен ықтимал соғыс

22 марта, 2026

Тоқаев әлемдік соғысты тоқтатуға шақырды: келіссөздер Түркістанда өтуі мүмкін

22 марта, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Тоқаев референдумнан кейін мәлімдеме жасады: енді Қазақстанды не күтіп тұр?
Жаңалықтар

Тоқаев референдумнан кейін мәлімдеме жасады: енді Қазақстанды не күтіп тұр?

16 марта, 2026
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
file_349.jpg
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум бойынша жүргізілген exit-poll қорытындысымен танысқаннан кейін халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы «Қазмедиа орталығындағы» студияда сөйлеген сөзінде бұл оқиғаны еліміз үшін тарихи сәт деп атады.

«Бүгін еліміз үшін шын мәнінде тарихи оқиға болды. Қазақстан азаматтары референдумға қатысып, конституциялық реформаны қолдады. Олар Отанымыздың болашағы үшін дауыс берді. Exit-poll қорытындысы жаңа ғана жарияланды, соған сәйкес Қазақстан жаңа Конституцияны таңдап, тарихи шешім қабылдады деп сеніммен айтуға болады. Халқымыз дауыс беру арқылы еліміздің болашақ тарихы мен тағдырын айқындады. Сіздердің бұл қадамдарыңыз әлем тарихында отандастарымызға тән патриотизмнің шынайы символы ретінде мәңгі қалады. Отандастарымыз елдің жаңаруы мен жаңғыруын қолдап дауыс берді. Бұл – бәріміздің ортақ жетістігіміз. Баршаңызды осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын!» – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдум жоғары деңгейде, ашық әрі әділ өткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, отандық және шетелдік байқаушылар да барлық заң талабы мен демократиялық нормалардың қатаң сақталғанын атап өткен.

«Азаматтардың еркін білдіруінің түпкілікті қорытындысын заңға сәйкес Референдумның орталық комиссиясы ресми түрде шығарады. Бірақ қазірдің өзінде Қазақстан азаматтары бірлік, ынтымақ, патриотизм және Отан тағдырына ортақ жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті деп айта аламыз. Азаматтарымыздың басым көпшілігі Прогресс, Әділдік, Заң, Тәртіп, Табиғатқа жанашырлық пен Тазалықтың жарқын жолын таңдады. Бұл – өте дұрыс жол. Осы Халықтық Конституция бізді жаңа жетістіктер мен табыстарға жетелейтініне еш күмәнім жоқ. Дауыс беруге келгендер саны рекордтық деңгейде жоғары болды. Сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық ұстанымын нақты білдірген баршаға алғыс айтамын», – деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, халықтың қолдауы мен еркі арқылы мақұлданған Конституция – мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды бағдар.

«Жаңа Конституция – Тәуелсіздігіміз бен Егемендігіміздің іргетасы. Негізгі заң – адам құқықтары мен бостандықтарының мызғымас кепілі. Біз біртұтас ұлт ретінде Заң мен Тәртіп қатаң сақталатын, азаматтар жоғары жауапкершілік пен жасампаздық танытатын әділетті қоғам құру жолында маңызды қадам жасадық. Бүгін біз ел тарихының жаңа парағын аштық. Алда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Ең бастысы, халқымыз терең өзгерістерді батыл қолдайды. Референдумға белсене қатысқан жастарға шынайы ризашылығымды білдіремін! Киелі Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!» – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleТоқаев жазда Парламент сайлауы өтетінін жариялады: тағы қандай өзгеріс болады?
Next Article Нетаньяху: Израиль Ирандағы режимді құлату үшін жұмыс істеп жатыр

Related Posts

Трамптың жеке мүддесі: Таяу Шығыстағы соғыс неліктен тоқтамайды?

22 марта, 2026

Трамптың Бейжіңге сапары болмай қалды: себебі Иранмен ықтимал соғыс

22 марта, 2026

Тоқаев әлемдік соғысты тоқтатуға шақырды: келіссөздер Түркістанда өтуі мүмкін

22 марта, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version