Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Қазақстанның жаңа технологиялық хабына Гонконг қолдауы

11 июня, 2026

UNAMA басшысы Орталық Азиядан тағайындалуы неге маңызды?

10 июня, 2026

Hitay қорының өнер байқауы: Орталық Азия студенттеріне мүмкіндік

10 июня, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Өзбекстан мен Гонконг іскерлік кеңес құруға келісті

    10 июня, 2026

    Қырғызстан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі: Ресей қолдауы

    9 июня, 2026

    Тоқаев Пашинянды құттықтады: Армения сайлауы Мәскеу ықпалын сынауда

    9 июня, 2026

    Қазақстанның қаржы амбициялары: Гонконгпен ынтымақтастық

    8 июня, 2026

    Орталық Азия Гонконгтың жаңа логистикалық хабына айналуда

    7 июня, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Тоқаев Наурыз туралы: Бұл жай ғана науқан емес, мемлекеттің идеологиясы
Жаңалықтар

Тоқаев Наурыз туралы: Бұл жай ғана науқан емес, мемлекеттің идеологиясы

21 марта, 2026
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
file_383.jpg
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, елдегі маңызды бастаманың жай ғана науқан емес екенін атап өтті, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Президент өз сөзінде Наурыздың тазару мен жаңару уақыты екенін еске салды. Оның айтуынша, бұл ең алдымен, ой мен ниет тазалығын білдіреді.

«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!»

Сондай-ақ Тоқаев екі жыл бұрын басталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына тоқталды. Ол бұл ауқымды жобаның халық, әсіресе жастар тарапынан жаппай қолдау тапқанын жеткізді.

«Азаматтарымыз тазалықты құр сөзбен емес, нақты ісімен көрсетуде. Ұқыптылық, жинақылық, тиянақтылық қасиеттері ұлтымыздың жаңа сапасына айнала бастады», – деді Мемлекет басшысы.

Президент «Таза Қазақстан» бастамасы кезекті саяси науқан немесе үгіт-насихат емес, мемлекеттің мызғымас идеологиясы екенін мәлімдеді. Ол бұл игі істі жыл бойы жалғастырып, ұлт болмысының ажырамас бөлігіне айналдыру керегін баса айтты.

«Ең бастысы елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін. Қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын! Ата заңымыз өз тұғырынан түспесін! Туымыз биікте желбіресін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Еліміздің төрт құбыласы түгел болсын!» – деп түйіндеді сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleТоқаев Түркістанға келді: Президент Ясауи кесенесінде құран бағыштады
Next Article Қазақстан экономикасы рекорд жасады: Президент жаңа деректерді жариялады

Related Posts

Қазақстанның жаңа технологиялық хабына Гонконг қолдауы

11 июня, 2026

UNAMA басшысы Орталық Азиядан тағайындалуы неге маңызды?

10 июня, 2026

Hitay қорының өнер байқауы: Орталық Азия студенттеріне мүмкіндік

10 июня, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version