Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Оман министрі: АҚШ-ты одақтастары бұл қажетсіз соғыстан алып шығуы керек

22 марта, 2026

Семейде Ұлыстың ұлы күні: қала үлкен құрылыс алаңына айналмақ

22 марта, 2026

Иран америкалық F-35 ұшағын зақымдады: «көрінбейтін» ұшақтың әлсіз тұсы табылды

22 марта, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Семейде Ұлыстың ұлы күні: қала үлкен құрылыс алаңына айналмақ
Жаңалықтар

Семейде Ұлыстың ұлы күні: қала үлкен құрылыс алаңына айналмақ

22 марта, 2026
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
file_392.jpg
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтуде, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы бекіткен «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында мереке тек бір күнмен шектелмей, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін онкүндікке ұласты. Осы күндері өңірде мәдени-танымдық және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, салт-дәстүрлер жаңғыртылды.

Облыс орталығы – Семей қаласындағы мереке орталық алаңдағы театрландырылған қойылымнан басталды. Облыс әкімі Берік Уәли өңір тұрғындарын мерекемен құттықтады.

«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – жаңа жылдың бастауы Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы құттықтауында атап өткендей, Наурыз – тазаратын, жаңаратын мезгіл. Тазалық дегеніміз, ең алдымен, ойдың, сананың, ниеттің тазалығы. Бұл мереке – жаңарудың, татуласудың, халық бірлігін нығайтудың және игі істерге ұмтылудың символы», – деді өңір басшысы.

Әкім биылғы Наурыз «Семейдің мәдени маусымдары» жаңа жобасы аясында өтіп жатқанын және «Семей көктемі» шараларының маңызды бөлігі екенін атап өтті. Ол өңірде қолға алынатын ауқымды жобалар туралы да айтты.

«Биыл өңір үлкен құрылыс алаңына айналады. Мемлекет басшысының бастамасымен «Абайға құрмет» акциясы басталды, Үкіметтің тиісті қаулысы да қабылданды. Өткен жылы біз үлкен дайындық жұмыстарын жүргіздік, жақын арада құрылыс жұмыстарына кірісеміз», – деді Берік Уәли.

Семейдегі негізгі мерекелік шаралар өткен орталық алаңға 12 киіз үй тігілді. Олардың әрқайсысы Абай, Шәкәрім, Әнет баба сияқты тарихи тұлғалар мен Біржан-Сара айтысының 155 жылдығына, сондай-ақ Әлихан Бөкейхан, Ыбырай Алтынсарин, Қажымұқан Мұңайтпасов сияқты ұлт мақтаныштарының есімдерімен аталды.

Киіз үйлерде қазақтың салт-дәстүрінен көріністер қойылып, қолөнер көрмелері жасақталды. Қалалық Арбат маңында жастарға арналған түрлі алаңдар жұмыс істеді: бірінде шеберлік сабақтары мен викториналар өтсе, енді бірінде IT және жасанды интеллект технологиялары таныстырылды. Ұлттық спорт алаңында қазақ күресі, арқан тарту, аударыспақтан жарыстар өтті.

Облыс әкімі киіз үйлерді аралап, тақырыптық алаңдармен танысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Күндіз орталық алаңда Тоқтар мен Бейбіт, AGUGAI тобы және «Жігіттер» тобының қатысуымен мерекелік концерт өтті. Кешкі бағдарламада Диана Исмайл, Alem және Баян Сұлу өнер көрсетті.

Мерекелік шаралар қаланың басқа аудандарында да жалғасты. Жалпы қала бойынша 18 киіз үй құрылып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleИран америкалық F-35 ұшағын зақымдады: «көрінбейтін» ұшақтың әлсіз тұсы табылды
Next Article Оман министрі: АҚШ-ты одақтастары бұл қажетсіз соғыстан алып шығуы керек

Related Posts

Оман министрі: АҚШ-ты одақтастары бұл қажетсіз соғыстан алып шығуы керек

22 марта, 2026

Иран америкалық F-35 ұшағын зақымдады: «көрінбейтін» ұшақтың әлсіз тұсы табылды

22 марта, 2026

Трамптың жеке мүддесі: Таяу Шығыстағы соғыс неліктен тоқтамайды?

22 марта, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version