Иранның соққысы Сауд Арабиясындағы «Принц Султан» әскери базасында тұрған америкалық қымбат ұшақты жойды, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Бұл – құны шамамен 500 миллион доллар тұратын Boeing E-3 Sentry ұшағы. Ол әуе кеңістігін алыс қашықтықтан бақылап, нысаналарды анықтайтын AWACS жүйесімен жабдықталған. Бұл ұшақ АҚШ Әуе күштері үшін аса маңызды техниканың бірі саналады.
Алдын ала мәлімет бойынша, соққы ұшақтың ең осал әрі негізгі бөлігі – фюзеляж үстіндегі радиолокациялық радарға дәл тиген.
