Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Өзбекстанда заңсыз арыстан асырағандар анықталды
Өзбекстанда жабайы жануарларды заңсыз ұстағандар әшкере болды. Елдің Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі мен Бас прокуратураның қызметкерлері жүргізген тексеру барысында арнайы рұқсатсыз төрт арыстан, құстардың тоғыз түрі және басқа да жыртқыш жануарлар анықталған.
Ресми мәлімет бойынша, тәркіленген жабайы аңдардың бір бөлігі Ташкенттегі хайуанаттар бағына табысталды. Бұл оқиға – Өзбекстанда заңсыз жануар асырау мәселесінің өзекті екенін көрсетті.
Айта кетейік, былтыр Ташкенттегі хайуанаттар бағында тордан шығып кеткен үш арыстан күзетшіні талап өлтірген болатын. Осыған байланысты жабайы жануарлармен жұмыс істеу тәртібі қатаңдатылды. Сондай-ақ, биылдан бастап Өзбекстандағы цирктерде жабайы жануарларды пайдалануға толық тыйым салынды.
Кілтсөздер: Өзбекстан жаңалықтары, заңсыз арыстан, жабайы жануар, хайуанаттар бағы, жануарларды қорғау, аң-құстар, экология
Фото: inform.kz сайтынан алынды
