Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Жаңа Рим Папасы Лев XIV есімімен танылды. Ватиканда Әулие Петр алаңында ақ түтін шығып, конклавтың сәтті өткенін білдірді. Бұл діни шараға әлемнің 70 елінен 133 кардинал қатысып, рекорд орнатты. Бұған дейін Сикстин капелласының мұржасынан екі рет қара түтін шыққан болатын – бұл дауыс беру әлі шешімге келмегенін білдірген еді.
Рим Папасын сайлау үшін қатысушылардың үштен екісі, яғни 89 кардинал дауыс беруі қажет. Ақыры, төртінші дауыс беру барысында Лев XIV жаңа Папа болып сайланды.
Ключевые слова: Рим Папасы, Ватикан, Лев XIV, конклав, Сикстин капелласы, кардинал, дауыс беру.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
