Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Каталонияда хлордың төгілуі – тұрғындарға ескерту жасалды
Каталониядағы кәсіпорын қоймасынан шыққан өрт салдарынан шамамен 70 тонна хлор жанып, улы бұлт ауаға тарады. Қазір оқиға орнындағы қауіпті аймақта 160 мыңға жуық адам бар. Билік тұрғындарға және сол маңдағы жұмысшыларға үйде қалып, есік-терезелерді нығыздап жабуға, кондиционерлерді өшіруге кеңес беруде.
Өрт сөндіру және құтқару қызметінің бірнеше тобы апат болған жерге дереу жетті. Сонымен қатар, дәрігерлер де төтенше жағдай режимінде жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Каталониялық өрт сөндірушілердің хабарлауынша, олар өрттің кеңеюіне жол бермей, жалынды көрші өндірістік ғимараттарға таралдырмаған. Азаматтық қорғаныс қызметі хлордың улы бұлты желдің әсерінен теңізге қарай бет алғанын, сондықтан тұрғындар тығыз орналасқан аудандарға қатер аз екенін атап өтті.
Дегенмен, жергілікті билік барлық ашық ауадағы спорттық және әлеуметтік шараларды тоқтатты, бірнеше тас жолдарды жауып тастады. Бұл шаралар өрт сөндірушілердің жұмысын жеңілдету үшін енгізілді.
Кілтсөздер: Каталония, хлор төгілуі, улы бұлт, өрт апаты, төтенше жағдай, зардап шеккендер, қауіпсіздік, өрт сөндірушілер, азаматтық қорғаныс.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
