Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Қазақстанның жаңа технологиялық хабына Гонконг қолдауы

11 июня, 2026

UNAMA басшысы Орталық Азиядан тағайындалуы неге маңызды?

10 июня, 2026

Hitay қорының өнер байқауы: Орталық Азия студенттеріне мүмкіндік

10 июня, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Өзбекстан мен Гонконг іскерлік кеңес құруға келісті

    10 июня, 2026

    Қырғызстан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі: Ресей қолдауы

    9 июня, 2026

    Тоқаев Пашинянды құттықтады: Армения сайлауы Мәскеу ықпалын сынауда

    9 июня, 2026

    Қазақстанның қаржы амбициялары: Гонконгпен ынтымақтастық

    8 июня, 2026

    Орталық Азия Гонконгтың жаңа логистикалық хабына айналуда

    7 июня, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » АҚШ, Еуропа және Украина Ресейден 30 күнге сөзсіз бітім жасауды талап етті
Central Asia

АҚШ, Еуропа және Украина Ресейден 30 күнге сөзсіз бітім жасауды талап етті

11 мая, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Киевте өткен саммит: Еуропалық лидерлер Украинадағы уақытша бітімге шақырды

10 мамыр күні таңертең Киев қаласында маңызды геосаяси оқиға болды. Германия канцлері Фридрих Мерц, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және Польша премьері Дональд Туск Украинаға келді. Олар Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірге саммит өткізіп, елдегі жағдайды талқылады. Басқосу аяқталған соң көшбасшылар АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Трамп та Еуропа елдерінің Мәскеуге қойып отырған талаптарын қолдады.

Украина – толық және сөзсіз бітімге әзір

Жиын барысында Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига ресми түрде:
— Украина және оның одақтастары құрлықта, әуеде және теңізде 30 күндік толық әрі сөзсіз атысты тоқтатуға дайын. Бұл бітім келер дүйсенбіден басталуы тиіс, — деп мәлімдеді.

Зеленский де атысты тоқтату 12 мамырдан басталуы керек екенін атап өтіп, Ресейден ешқандай шартсыз келісім күтетінін мәлімдеді. АҚШ бұл бастаманы қолдайтынын айтты.

Еуропа ескертті: Ресей келіспесе, санкциялар күшейеді

Франция президенті Эмманюэль Макрон Ресейге егер бітімге келіспесе, жаңа санкциялар енгізілетінін қатаң түрде ескертті. Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармер «Ресей — бұл соғысты бастаған және оны тоқтатуға кедергі келтіріп отырған басты тарап» екенін Киевте өткен сөзінде тағы қайталады. Германия канцлері Фридрих Мерц келісім нәтижесі келесі аптада белгілі болады деп қосты.

Ресей жауабы: заңды соғысты тоқтату үшін талап бар

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Киевтің ұсынысына Ресейдің әзірге дайын емес екенін жеткізді. Ол «бұл жаңа жағдай, біз өз ұстанымымызды талдаймыз» деді. Песков Ресей қысымға берілмегенін, әрі Еуропадан алынған санкциялардан қорықпайтынын айтты. Сонымен қатар, Ресейдің халықаралық серіктестері жеткілікті екенін де тілге тиек етті.

Ресей бітімге келу үшін басты шарт қояды — Украинаға қару жеткізуді тоқтату қажет. Песков атап өткендей, қазіргі ұсынылған жағдайда бітім Украина үшін тиімді болмақ, ал Ресей оған келісе алмайды.

АҚШ пен Еуропа позициясы

АҚШ-тың Украина бойынша өкілі Кит Келлог 30 күндік атысты толық тоқтату Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ұзақ соғыстың тоқтауына мүмкіндік беретінін айтты. Ақ үйдің мәлімдемесіне сәйкес, Дональд Трамп Украина мен Ресейдің атысты тоқтатуға келiсуінен үмітті екенін білдірсе, Трамп өзінің Truth Social желісінде бейбітшілікті Еуропамен бірлесіп орнатуға дайын екенін жазды.

Айта кету керек, Ресей 30 күндік бітімге қарсы талап ретінде АҚШ пен Еуроодаққа өз шарттарын қойған.


Кілтсөздер: Украинадағы соғыс, Украина–Ресей бітімі, 30 күндік атысты тоқтату, Киев саммиті, Еуропалық көшбасшылар, Ресейдің бітімге көзқарасы, жаңа санкциялар, Дональд Трамп, Владимир Зеленский.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Еуропалық Одақ Ресей Украина Әлем жаңалықтары
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleАҚШ пен Қытай «сауда соғысын» бәсеңдету жөнінде келіссөздерді бастады
Next Article қауіпті аймақта 160 мың адам бар

Related Posts

Қазақстанның жаңа технологиялық хабына Гонконг қолдауы

11 июня, 2026

UNAMA басшысы Орталық Азиядан тағайындалуы неге маңызды?

10 июня, 2026

Тәжікстан гидроэнергетикалық әлеуетінің тек 5%-ын ғана пайдалануда

10 июня, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version