Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
НАТО бас хатшысы Түркия президентімен кездеседі
NАТО бас хатшысы Анкараға арнайы сапармен келіп, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі деп күтілуде. Бұл кездесу – маусымның 24-26 күндері Нидерландының Гаага қаласында өтетін НАТО саммиті алдындағы маңызды шаралардың бірі.
Қазіргі таңда Еуропа елдері қорғанысты барынша күшейте бастады. НАТО-ға мүше 22 мемлекет қорғанысқа бөлетін шығынды жалпы ішкі өнімнің 2 пайызы деңгейіне дейін жеткізді. Ұйым басшысы 32 одақтас елді қорғанысқа көбірек қаржы бөлуге, заманауи әскери жабдық алуға және саяси белсенділікті арттыруға шақырды. Себебі АҚШ Еуропа қауіпсіздігіндегі көшбасшылық позициясын біртіндеп азайтуды қолға алған.
Еске салайық, сәуір айында НАТО бас хатшысы ресми сапармен Жапония және АҚШ-та да болған еді.
Кілтсөздер: НАТО саммиті, Түркия президенті, Анкара, Альянс, қорғаныс, Еуропа қауіпсіздігі, әскери одақ, халықаралық саясат.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
