АҚШ пен Иран екі аптаға соғысты тоқтатуға келісті, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Пәкістан премьер-министрімен сөйлескенін жазды. Осыдан кейін ол Иранға соққы беруді екі аптаға тоқтатуға келіскен. Трамптың айтуынша, бітім екіжақты болады.

«АҚШ-тың барлық әскери міндеті артығымен орындалды. Вашингтон Тегераннан 10 тармақтан тұратын ұсыныс алды, бұл келіссөздер үшін қолайлы негіз бола алады», – деді АҚШ Президенті.

Ал Иран билігі АҚШ-ты жеңгенін мәлімдеп, келіссөздердің басталатынын растады. Кездесу 10 сәуірде Пәкістан астанасында өтеді. Тараптар екі апта бойы келіссөз жүргізеді, қажет болса, бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.

Share.
Exit mobile version