АҚШ-тың бастамасымен енгізілген мұнай блокадасынан кейін Кубада бүкіл ел аумағында алғаш рет жарық сөнді, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Президент Мигель Диас-Канельдің мәлімдеуінше, елге үш айдан бері отын импортталмаған. Оның себебі – Вашингтонның қысымымен Венесуэла мен Мексиканың мұнай жеткізуді тоқтататуы.

Энергетикалық дағдарыс бензин бағасының күрт шарықтауына және дәрі-дәрмек тапшылығына әкелді.

«Қазір энергетиктер электр желісін қалпына келтіруге тырысып жатыр. Алайда жағдайды ескірген инфрақұрылымның тозуы одан сайын қиындатып отыр», – дейді сарапшылар.

Share.
Exit mobile version