Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

20 октября, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Қазақ мүддесіне қызмет етуіміз керек
Жаңалықтар

Қазақ мүддесіне қызмет етуіміз керек

2 мая, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады. Төмендегі мәтінді қазақ тілінде түпкі мазмұнын өзгертпей, журналистік стильде, ықшам әрі түсінікті тілмен қайта жазыңыз. SEO талаптарына сай кілтсөздерді табиғи түрде мәтінге енгізіңіз:

Қазақ тарихындағы қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғаларды Костя ағай аз білмейді. Тарихты танып, қазақтың салт-дәстүрі мен менталитетін игергені жақсы адамдардың жанында көп болғанымның пайдасы деп есептейді. Өзі техника ғылымдарының кандидаты, көп жылдар Павлодардағы автоматтандыру және механикаландыру жобалық конструкторлық-технологиялық институтында бас конструктор болып еңбек еткен.

Қазақ мүддесіне қызмет етуіміз керек
Фото: Есенжол Исабек

— Ерлік жасайтын адамдарды жақсы көремін. Ал қазақтың тарихына, соның ішінде Ертіс-Баян өңірінің өткеніне үңілсек, қол бастаған Малайсары тархан, Жасыбай, Баян, Мойнақ сияқты атақты батырлар болған. Жаугершілік замандағы ерлік істерінен қанаттанып, Кенесары хан, Малайсары батыр туралы жырлар жаздым. Бұл батырлық дәстүр екінші дүниежүзілік соғыс жылдары да жалғасты. Ел басына күн туған шақта қазақ азаматтары алғы сапта қару ұстап, майданға аттанды. Өкінішке қарай, сол қайғы-қасіретке толы соғыстағы қазақ жауынгерлерінің ерлігі көп айтылмай, ашылмай жатыр. Біраз жылдар архивте отырып, 1942 жылы Ақмола, Қарағанды, Павлодар өңірлеріндегі кілең қазақ жігіттерінен құралған «106-шы ұлттық кавалерия дивизиясы» туралы тың деректерге кезіктім. Ол туралы кеңестік әдебиеттерде мүлде айтылмайды. Бұл дивизияға кейбір қазақ азаматтары өз тұлпарымен қосылса, енді біріне ауылдастары жиналып ат сатып әперген. Бұдан асқан патриотизмнің үлгісі бар ма?! Кеңес билігінің ұлттық дивизия құруына қазақтар батыр халықтың ұрпағы екенін ескеруінен болар деп шамалаймын. Еш әскери дайындықсыз апарған 4 мыңдай адам Харьков түбіндегі қан соғысқа құр сапы қылышпен кірген. 4 мың адамға 102 винтовка, 1 пулемет ғана беріледі. Қан-қасап қырғында қазақ дивизиясы немістердің танк дивизиясына қарсы тұрған. Алайда заманға сай қаруы жоқ, жалаң қылышпен шапқан жауынгерлер немістерге қайтіп тұра алсын, майдан даласында қынадай қырылады. Сол дивизиядан аман қалғандардың қарасы қос қолдың саусақ санына да жетпейді. Бұл — екінші дүниежүзілік соғыстағы ең ауыр трагедиялардың бірі, — деп күйзелді Константин Васильевич.

Заманында Абылай хан өз қылышын сыйлаған Мойнақ батырды біраз жылдар насихаттаған ақын оның туған жері — Ертіс ауданындағы бір ауылға есімін беру мәселесін көтерген. Бірақ ауыл тұрғындары ақынның меселін қайтарып, бұл ойы іске аспай қалды. Қазір өзі тұратын Павлодардағы Малайсары көшесі кезінде Суворов аталған. Константин Васильевич жергілікті қазақ ақындарымен тізе қосып, көшеге Малайсары тархан атын беруге үлес қосты. 1-Южная, 2-Южная, Степная және тағы басқа көшелерге қазақтың белгілі тұлғаларының есімдері берілгенде бұл ұсынысқа қарсы шыққандарды сынап өз тілінде өлең де жазды. Әр сөзі дәлелді, өткенмен байланыстырып өретін оның жырлары кейбіреулерге ұнамаса да ақынның шын жүрегінен ақтарыла шыққан тілегі екенін аңғаруға болады.

Қазақ мүддесіне қызмет етуіміз керек
Фото: Есенжол Исабек

Луниннің өлеңдерінде қазақ жерінің тарихы ғана емес, ұлылардың аманаты, ұлт руханияты, мәдениеті мен болмысы сарнап жатыр. «Бейбарс», «Великая степь восходящего солнце», «Богаты вы степи казахские», «Джут — казахский голодомор», «О казахском языке», «Сказка о Козы Корпеше и Баян Сулу», «Абай», «С.Торайгырову поэту-демократу», «Наурыз мейрамы» және т. б. өлең-жырлары соның дәлелі. 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жарық көрген «Жаса, Қазақстан» өлеңдер кітабында да Қазақ жеріне деген сүйіспеншіліктің күйі төгіліп тұр. Бұл жинақта танымал ақын Айбек Оралхан Костя ағайдың бірқатар өлеңдерін ана тілімізге аударып беріп, ақынның жүрек түпкіріндегі қазақ ұлтына деген махаббатын жеткізгендей болған еді.

Қазақ мүддесіне қызмет етуіміз керек
Фото: Есенжол Исабек

— Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған уақытта біздің қоғам үшін аса қажетті институт болғаны анық. Себебі ол кезеңде өзге ұлт өкілдерін моральдық тұрғыдан тәрбиелеп, жас Қазақстан мемлекеті енді кеңес өкіметінің бөлшегі емес, мүлде бөлек, тәуелсіз, азат ел екенін ұғындыру міндеті тұрды. Ол миссияны ассамблея адал атқарды деп ойлаймын. Ендігі мақсат — көпвекторлы саясаттан бір векторлы жүйеге көшуіміз керек. Бұл — өзге ұлт өкілдері мемлекет құраушы қазақ ұлтының айналасына топтасуы керек деген сөз. Көптеген елдерде достарым, бұрынғы көршілерім, таныстарым тұрады. Айтуларынша, Германияда әркім өзін неміс, Францияда французбын деп есептейді. Мен өзімді қазақ деп санаймын. Бірақ бұл ұғым біздің отандастарымыздың көбі үшін әлі де алыс екенін байқаймын. Оған себеп болатын факторлар көп. Ассамблеядағы ұлттық орталықтар өз тілдерін, салт-дәстүрлерін үйретіп, ұлттық менталитеттерін егіп жатыр. Қарап тұрсаң, нағыз кереғар дүние. Біз Қазақ жерінде тұрғандықтан мұндай орталықтар қазақтың тілін, мәдениетін, болмысын үйретсін, қазақтың тілін күнделікті тұрмыста қажетсінетіндей дәрежеде балаларына меңгертсін. Әйтптегенде, өзге ұлттардың балалары мектепте 11 жыл қазақ тілін оқымайды дейсің бе? Әрине оқиды. Бірақ ынта жоқ, талап жоқ. Оны үйдегі үлкендер де сұрамайды. Кезінде менің ата-анам қуғын-сүргінге ұшырап, қазақ жеріне келгенде оларды қазақтар бауырына басып, аман алып қалған. Ал мен сол қасиетті топырақта өстім, жетілдім. Ендеше мен толыққанды қазақпын! Қазақ мүддесіне қызмет етуді қасиетті борыш санаймын, — деп толғанды Константин Васильевич.

Сөз соңында Костя ағай тарих — ортақ, тіл — ортақ, мәдениет — ортақ болатын кезеңге келе жатырмыз, қазақстандықтардың алтын арқауына айналған Қазақстанның бүгінгі ұстанымы соны көрсетеді деді. Әркім сол ортақ шаңырақтың мүддесіне қызмет етсе, одан артық бақыт жоқ!

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы ең көне мемлекеттік архивтің ашылғанына 105 жыл толғанын жазған болатынбыз.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

1 мамыр Ақын Күшіміз бірлікте Мереке Мәдениет Павлодар Павлодар облысы Тарих Әдебиет
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleЖапонияда жылан пойыз қозғалысын екі сағатқа тоқтатуға себеп болды
Next Article Қазақстанда техникалық қарасораны өнеркәсіптік мақсатта өсіруге рұқсат берілді

Related Posts

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025

Сенат төрағасы мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Президенті бірлескен мәлімдеме жасады

2 октября, 2025
Іздеу
Рубрики
  • Central Asia (481)
  • Басты тақырып (51)
  • Жаңалықтар (1 334)
  • Саясат (15)
  • Әлем (5)
Top Posts

Subscribe to Updates

Get the latest sports news from SportsSite about soccer, football and tennis.

Advertisement
Demo

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
Top Insights
Get Informed

Subscribe to Updates

Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

© 2025 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.