Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Трамп Вашингтондағы Триумфальды арканы әскери мақсатта қолданбақ

20 сентября, 2026

 «Сырттан жау» іздеу: BBC зерттеуінің қазақстандық көрінісі бар ма?

10 сентября, 2026

Гонконг Қазақстанның озық өндірісіне серпін бере алады

8 сентября, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Си Цзиньпиннің дипломатиялық белсенділігі Трамппен кездесу қарсаңын…

    7 сентября, 2026

    Қырғызстан-Пәкістан саудасы: 12 есе өсу шынайы ма?

    7 сентября, 2026

    Бішкектегі АҚШ делегациясы бизнесті бірінші орынға қойды

    3 сентября, 2026

    Санья Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерімен бауырлас қала байланысын…

    3 сентября, 2026

    Қырғызстан ШЫҰ саммитін өткізіп, жаһандық державалармен теңгерім са…

    3 сентября, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Жапонияда жылан пойыз қозғалысын екі сағатқа тоқтатуға себеп болды
Central Asia

Жапонияда жылан пойыз қозғалысын екі сағатқа тоқтатуға себеп болды

2 мая, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Токио – Осака бағытындағы «Синкансэн» пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтады

Жапонияда Токио мен Осака арасында қатынайтын жоғары жылдамдықты «Синкансэн» пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтап қалды. Бұған ұзындығы бір метр болатын жыланның электр тарату желісіне оралып, электр қуатын тұйықтап тастауы себеп болды.

Kyodo агенттігінің хабарлауынша, оқиға «Майбара» мен «Гифу-Хасима» станцияларының арасында, кешкі сағат 17:00 шамасында болған. Жылан бағанаға өрмелеп шығып, электр сымдары арқылы өтіп кетпек болғанда тоққа түсіп, сол жерде қаза тапқан.

Электр жүйесіндегі ақауға қарамастан пойыз ішіндегі жарық пен кондиционерлер жұмыс істеп тұрды, алайда пойыздардың өзі жүрмей қалды. Осыған байланысты Токио стансасында билет сататын автоматтардың алдында ұзын-сонар кезек пайда болды.

Жапон теміржолында пойыз қозғалысы екі сағаттан кейін, кешкі сағат 19:00 шамасында толық қалыпқа келтірілді. Оқиға Алтын апта — Жапониядағы төрт ұлттық мереке тоғысатын ерекше кезеңде орын алып, елдегі негізгі көлік тораптары күшейтілген режимде жұмыс істей бастаған.

Айта кетейік, «Синкансэн» — әлемге әйгілі жапон жоғары жылдамдықты теміржол жүйесі. Токио мен Осака бағытындағы алғашқы желісі 1964 жылы Жазғы Олимпиада қарсаңында ашылған болатын.

Кілтсөздер: Синкансэн, Жапония, пойыз тоқтады, электр жүйесі, Жапония жаңалықтары, Токио – Осака, жоғары жылдамдықты пойыз

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Жапония Пойыз Әлем жаңалықтары
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleЗеленский: Украина бітімге келуге әзір
Next Article Қазақ мүддесіне қызмет етуіміз керек

Related Posts

Гонконг Қазақстанның озық өндірісіне серпін бере алады

8 сентября, 2026

Гонконг пен Орталық Азия: ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері

7 сентября, 2026

Қазақстан мен Гонконг биотехнологиялық стартаптарды дамыта алады

7 сентября, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version