ОПЕК+ елдері мамыр айында мұнай өндіру квотасын арттыруға келісті, бұл шешім Қазақстанға өндірісті ұлғайтуға жол ашуы мүмкін, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Мәскеуде өтетін кездесу қорытындысы бойынша мұнай экспорттаушы елдер өндіріс көлемін тәулігіне 206 мың баррельге арттыруды жоспарлап отыр. Бұл квотаның ұлғаюы жеткізілім көлеміне айтарлықтай әсер етпегенімен, ОПЕК+ ұйымының Ормуз бұғазы ашылғаннан кейін өндірісті одан әрі арттыруға дайын екенін көрсетеді.
Алайда Reuters агенттігінің жазуынша, инфрақұрылымның зақымдануына байланысты ОПЕК+ құрамындағы барлық ел бірдей өндірісті арттыра алмайды. Бұл ең алдымен Парсы шығанағындағы мемлекеттерге қатысты болғанымен, Қазақстанға да әсер етуі мүмкін. Себебі өткен жылдың соңында дрондар шабуылынан Каспий құбыр консорциумының (КТК) терминалы зардап шегіп, елдің экспорттық мүмкіндіктеріне нұқсан келген еді.
Дегенмен, бұл жағдай Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік те болуы мүмкін. Басқа мемлекеттер инфрақұрылымын қалпына келтіріп жатқанда, Қазақстан мұнай нарығындағы өз позициясын нығайта алады.
«Парсы шығанағындағы бірнеше ресми тұлға соғыс тоқтап, Ормуз бұғазы ашылған күннің өзінде қалыпты жұмысқа оралып, өндірістің жоспарлы көрсеткіштеріне жету үшін бірнеше ай қажет болатынын мәлімдеді», — деп жазады Reuters.

