Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Қазақстанның жаңа технологиялық хабына Гонконг қолдауы

11 июня, 2026

UNAMA басшысы Орталық Азиядан тағайындалуы неге маңызды?

10 июня, 2026

Hitay қорының өнер байқауы: Орталық Азия студенттеріне мүмкіндік

10 июня, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Өзбекстан мен Гонконг іскерлік кеңес құруға келісті

    10 июня, 2026

    Қырғызстан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі: Ресей қолдауы

    9 июня, 2026

    Тоқаев Пашинянды құттықтады: Армения сайлауы Мәскеу ықпалын сынауда

    9 июня, 2026

    Қазақстанның қаржы амбициялары: Гонконгпен ынтымақтастық

    8 июня, 2026

    Орталық Азия Гонконгтың жаңа логистикалық хабына айналуда

    7 июня, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Берік Уәли Семейдегі «Мәңгілік алауға»гүл шоқтарын қойды
Жаңалықтар

Берік Уәли Семейдегі «Мәңгілік алауға»гүл шоқтарын қойды

9 мая, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде атап өтілуде. 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы Абай облысында кең көлемде атап өтілуде. Атаулы күнге орай Семей қаласында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Облыс орталығындағы Жеңіс саябағында «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған аймақ басшысы Берік Уәли, ардагерлер, құқық қорғау органдары мен әскери бөлімдердің өкілдері, «Жас Ұлан» әскери мектебінің курсанттары қатысты.

Шара барысында Даңқ гирляндасы мен гүл себеттері қойылып, майдан даласында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Мемлекеттік Ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.

Облыс әкімі Жеңіс саябағында мерекеге орай дайындалған көрмені тамашалап, ардагерлермен бірге майдан ботқасынан дәм татты.

Мерекелік шара аясында жұртшылық назарына «Жеңіс күні» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Жергілікті өнерпаздар Мапруза Өтеуленова, Гүлдана Ноғайбаева, Нұрлан Тутунов, халықтық «Ахау Семей» ансамблі, «Ақбота» би студиясы, «Самрұқ» тобы және басқа да шығармашылық ұжымдар соғыс жылдарының әндерін орындады.

Бүгін кешкісін Орталық алаңда «Жеңіс жолы» атты мерекелік концерт өтеді. Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі мен оркестр солистері, «Тамаша», «Романтики», «Тұмар», «ContraSSt» би ансамбльдері, сондай-ақ Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония және Семей қалалық мәдениет сарайының әртістері өнер көрсетеді.

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мапруза Утуленова, «Парасат» орденінің иегері Гүлдана Ноғайбаева, белгілі әнші Айқын Төлепберген және Маржан Арапбаева арнайы қонақ ретінде қатысады.

Кеш соңында көрермендерге Айқын Төлепбергеннің жеке шығармашылық бағдарламасы ұсынылады. Айта кетейік, Ұлы Жеңіс мерекесіне орай облыста 300-ге жуық іс-шара өтеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleӨзбекстанда 100 жастағы ардагер қазақ тұрады
Next Article Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Related Posts

Қазақстанның жаңа технологиялық хабына Гонконг қолдауы

11 июня, 2026

UNAMA басшысы Орталық Азиядан тағайындалуы неге маңызды?

10 июня, 2026

Hitay қорының өнер байқауы: Орталық Азия студенттеріне мүмкіндік

10 июня, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version