АҚШ Президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманды көпшілік алдында сөгіп, оған қатысты өте дөрекі сөздер айтты, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Бұл оқиға Майамиде өткен Future Investment Initiative инвестициялық форумында болды.
Трамптың сөзінше, бұрын тақ мұрагері оны «сәтсіз президент» санап, менсінбеген. Алайда қазір жағдайдың түбегейлі өзгергенін алға тартты.
«Ол мені бағаламады. Енді ол маған жағымпаздануға мәжбүр… оның маған деген көзқарасы жақсы болуы керек», – деді Трамп.
АҚШ Президенті мұнымен тоқтамай, одан да өрескел сөз айтып, ханзаданың енді өзіне «бас иіп, жағынуы керегін» ашық мәлімдеді.
Трамптың пайымдауынша, Мұхаммед бен Салман АҚШ-ты әлсіреп бара жатқан мемлекет деп ойлаған, бірақ қазір Вашингтонмен қарым-қатынасты қайта қарауға мәжбүр болып отыр. Бұл жағдай екі ел арасындағы риториканың қаншалықты өзгергенін көрсетеді.
