Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Германияда шекарадағы тексерістер күшейтілді: 286 мигрант елден шығарылды
Германия шекарасында 7 мамырдан бастап қауіпсіздік шаралары қатаңдатылды. Bild басылымының полиция дерегіне сүйенсек, соңғы тексерулер барысында ұсталған 286 мигранттың 78,3 пайызы – елден шығарылған. Негізгі себеп – визасының болмауы, жалған құжаттар немесе елге кіруге тыйым салынған мәртебе.
8-9 мамыр күндері ғана шекарада ұсталған 23 адамның босқын мәртебесін алуға өтініш бергені анықталды. Бірақ олардың тек төртеуіне ғана Германияға кіруге рұқсат берілген, қалған 19-ы елден депортацияланды.
Сол күндері шекара қызметі заңсыз көші-қон ұйымдастырған 14 адамды және экстремизм мен исламизмге қатысы бар деген күдікпен 9 адамды ұстады.
Bild сарапшыларға сілтеме жасап, қазір күніне шамамен 200 мигрант Германия шекарасын заңсыз кесіп өтпек болатынын жазады. Бұған дейін бұл көрсеткіш 120 шамасында болғанымен, жаңа ереже енгізілгелі 190-ға дейін өскен.
Германияның жаңа ішкі істер министрі Александер Добриндт 7 мамырда шекарадағы бақылауды 2015 жылға дейін болған тәртіп бойынша күшейткенін жариялады. ЕО елдерінен келген босқындарға шекараның өзінде-ақ кіруге тыйым салу қарастырылған. Дегенмен «осал топтарға» – балалар мен жүкті әйелдерге ерекше жағдай жасалады.
Айта кетейік, бұған дейін Еуроодақтың кейбір елдерінен келгендерге босқын мәртебесі берілмейтіні мәлімделген еді. Ал АҚШ-та заңсыз мигранттарды елден ерікті түрде шығару бағдарламасын президент Дональд Трамп енгізген болатын.
Кілтсөздер: Германия шекарасы, мигранттарды депортациялау, босқын мәртебесі, заңсыз көші-қон, жаңа ереже, экстремизм, шекаралық бақылау.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
