Ирактың батысында Америка Құрама Штаттарының әскери-әуе күштеріне тиесілі жанармай тасымалдайтын ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, қазір құтқару жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Ведомствоның ақпаратынша, апат Иранға қарсы операция кезінде болған. Әуеде екі ұшақ болған, оның екіншісі базаға аман-есен оралған.

Бұл жау немесе өз әскерінің оғынан болған оқиға емес.

Share.
Exit mobile version