Иран бір жарым айға созылған үзілістен кейін халықаралық рейстер үшін әуе кеңістігінің бір бөлігін қайта ашты, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
18 сәуірден бастап елдің шығыс бөлігіндегі әуе кеңістігі арқылы ұшуға рұқсат етілді. Алайда батыс аймақ әзірге жабық күйінде қалып отыр.
Елдің авиациялық қызметтерінің мәліметінше, Тегеран әуежайлары 25 сәуірге дейін шектеулі режимде, яғни тәулігіне 11 сағат қана жұмыс істейді.
Иран аумағы арқылы өтетін ұшақтарға қатаң талап қойылды: әуе кеңістігіне кірерден және шығардан 5 минут бұрын диспетчерлермен міндетті түрде байланыс орнатуы тиіс.
Осымен қатар, ресми Тегеран АҚШ-пен келіссөздерді тоқтатты. Иран порттардағы әскери блокаданы алып тастауды және «шектен тыс талаптардан» бас тартуды сұрап отыр.
