Иран президенті Масуд Пезешкиан Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа Израильді кінәләп, батыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Бұл мәлімдеме Наурыз мейрамы мен Ораза айтқа орай жолдаған құттықтауында айтылды. Пезешкианның сөзінше, аймақтағы хаос, зорлық-зомбылық пен террордың негізгі себепкері – Израиль.
Иран басшысы өңірдегі елдерді дәл осы мемлекеттің тұрақсыздық пен қақтығыстарды қоздырып отырғанын мойындауға шақырды.
Сонымен қатар ол Иранның мұсылман елдерімен соғысқысы келмейтінін, оларды бауырлас мемлекеттер санайтынын атап өтті. Оның пікірінше, аймақтағы келіспеушіліктер сыртқы «қаскөй күштің» әрекетінен туындап отыр.
Президент өз сөзінде Иран өкілдері мен бейбіт тұрғындардың, соның ішінде балалардың қаза тапқанын еске салып, мұндай әрекеттерді негізсіз деп бағалады.
Осыған байланысты Пезешкиан көрші елдерді диалогқа шақырып, барлық мәселені бірлесіп шешуге дайын екенін жеткізді. Ол сыртқы күштердің араласуынсыз аймақтық қауіпсіздік жүйесін құруды ұсынды.
Иран басшысының идеясы бойынша, Таяу Шығыс елдері «исламдық парламент» құрып, оның аясында қауіпсіздік, экономика және саясат салаларында ынтымақтастықты нығайта алады.
Сөз соңында ол аймақтық медианы Иранды тұрақсыздықтың көзі ретінде көрсетуді доғарып, нақты қауіптің қайдан төніп тұрғанын ашық айтуға үндеді.

