Израиль қорғаныс министрлігі Иранға жасалған әуе шабуылы кезінде бірнеше жоғары лауазымды тұлғаның, соның ішінде «Басидж» күштерінің басшысы мен елдің ықпалды саясаткері Әли Лариджанидің көзі жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

«Түнгі операция кезінде Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Лариджани мен «Басидж» жасағының басшысы қаза тапты», – деді Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац.

Бұған дейін Израиль армиясы (ЦАХАЛ) Тегеранның орталығына жасалған соққыдан «Басидж» күштерін соңғы алты жыл бойы басқарған жоғары лауазымды командир Голамреза Сулейманидің өлтірілгенін растаған болатын.

Анықтама үшін: «Басидж» – Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусына қарайтын, еріктілерден құралған әскери жасақ.

Израиль бас штабының хабарлауынша, әуе күштері Иран аумағындағы шабуылдар кезінде жоғары деңгейлі палестиналық қарулы топ өкілдерін де нысанаға алған. Сонымен қатар, бірнеше күн бұрын «Исламдық жиһад» қозғалысының әскери қанатының жетекшісі Акрам Әжуриге қарсы да арнайы операция жүргізілгені белгілі болды.

Share.
Exit mobile version