Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

АҚШ Иранның өз мұнайын өзіне қарсы қолданбақ: бағалар құлай ма?

21 марта, 2026

«Трампты алдап соқты»: Клинтон Иранға қарсы соғыстың бар шындығын айтты

21 марта, 2026

Қазақстан экономикасы рекорд жасады: Президент жаңа деректерді жариялады

21 марта, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Мектептен «Оскарға» дейін: Ресейлік мұғалім Путин туралы жасырын фильм түсірген
Жаңалықтар

Мектептен «Оскарға» дейін: Ресейлік мұғалім Путин туралы жасырын фильм түсірген

17 марта, 2026
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
file_358.jpg
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ресейдегі қарапайым мектеп мұғалімі түсірген деректі фильм «Оскар» сыйлығын жеңіп алды. «Господин Никто против Путина» (Путинге қарсы Ешкім мырза) деп аталатын туындының авторы – жас режиссер Павел Таланкин, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Бұл фильмнің ерекшелігі – ол кәсіби студияда емес, Ресейдің Челябі облысындағы экологиясы нашар, шағын Карабаш қаласындағы мектепте басталған. Павел Таланкин сол жерде педагог-ұйымдастырушы әрі видеограф болып жұмыс істеген. Оның міндеті мектептегі іс-шараларды таспаға басып, білім басқармасына есеп ретінде видео дайындау болған.

2022 жылдан бастап оның жұмысының мазмұны өзгерген. Ол мектептегі патриоттық жиындарды, «маңызды әңгімелер» деп аталатын сабақтарды түсіре бастайды. Бастапқыда бұл жұмыс сияқты көрінгенімен, уақыт өте келе Таланкин камера арқылы тұтас бір дәуірдің шындығын құжаттап жатқанын түсінеді.

Ресей мектептері – өте жабық жүйе. Сырттан келген адамға камерамен еркін түсірілім жасауға мүмкіндік берілмейді. Ал Таланкин сол жүйенің ішінде жүріп, барлық процесті ішінен бақылап, таспаға түсіре алған.

Кейін ол жинаған материалдарының бір бөлігін шетелдік деректі фильм режиссері Дэвид Боренштейнге жібереді. Нәтижесінде екеуі бірігіп, толыққанды фильм жасайды. Фильмде мектеп қабырғасында соғысқа қатысты пропаганданың қалай жүргізілетіні, бұрынғы оқушылардың майданға аттануы және оның жасөспірімдер санасына әсері жан-жақты көрсетіледі.

Алайда фильм жарыққа шыққаннан кейін үлкен дау туды. Бірқатар журналистер мен көрермендер этикалық мәселе көтерді. Себебі фильмдегі оқушылар мен мұғалімдер камера алдында жүргенін білгенімен, бұл кадрлардың кейін әлемге танымал деректі фильмге айналатынын білмеген.

Бұл сынға Таланкиннің өзі былай деп жауап берді:

«Бұл – есеп. Бірақ мектепке емес, болашаққа арналған есеп. Бір күні адамдар „бір ұрпақ қалайша сонша агрессивті болып кетті?“ деп сұрағанда, жауабы осы фильмде болады».

Фильмнен кейін Ресейдегі реакция да әртүрлі болды. Жергілікті кейбір БАҚ оны «Ресейге қарсы фильм түсірген бұрынғы мұғалім» деп атаса, мемлекеттік ақпарат агенттіктері оның «Оскар» алғаны туралы мүлде жазбады. Тіпті Таланкин жұмыс істеген мектепке қауіпсіздік қызметінің өкілдері келіп, оның атын атамауды және фильмді талқыламауды ескерткені туралы ақпарат тарады.

Ал фильмге түскен кейбір бұрынғы оқушылар керісінше риза. Олар камераға түсіп жүргендерін білгенін және бәрі шынайы көрсетілгенін айтады. Тіпті кейбірі: «Мектепте жүріп-ақ „Оскар“ алатын фильмге түсіппіз», – деп әзілдейді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleИран АҚШ-пен байланысқа шықты: Трамп бұл адамдардың кім екенін білмейді
Next Article Иранмен соғыс: Трамп Си Цзиньпинмен өтетін маңызды саммитті кейінге қалдырды

Related Posts

АҚШ Иранның өз мұнайын өзіне қарсы қолданбақ: бағалар құлай ма?

21 марта, 2026

«Трампты алдап соқты»: Клинтон Иранға қарсы соғыстың бар шындығын айтты

21 марта, 2026

Қазақстан экономикасы рекорд жасады: Президент жаңа деректерді жариялады

21 марта, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version